«Тәрбиеленушілердің рухани жаңғыру аясына бағытталған инновацияға негізделген инфрақұрылымдар»

Қараша айының 21 жұлдызында Алматы қаласы Бауыржан Момышұлы атындағы Алматы республикалық «Жас ұлан» мектебінде қабілетті тәрбиеленушілерді ынталандыру мақсатында «Тәрбиеленушілердің рухани жаңғыру аясына бағытталған инновацияға негізделген инфрақұрылымдар» тақырыбында интеллектуалдық іс – шара ұйымдастырылды. Аталмыш іс – шара тәрбиеленушілердің қабілеті мен танымдық деңгейін мотивтендіруге арналған.
4 турдан тұрады:
* 1.Кезең.«Диавл – Адвакат» деп аталады. Постер қорғау.
* 2.Кезең. «Жорға» деп аталады. Ғалымдар бейнесі.
* 3. Кезең. «Бәйге» деп аталады. Логикалық сұрақтар.
* 4.Кезең. «Тапқыр болсаң – тауып көр!» деп аталады.
Мюнсберг әдістемесі
Интеллектуалдық іс–шараны ұйымдастыру барысында тәрбиеленушілер аталмыш іс- шараға өте белсенді қатысып, өздерінің қарым - қабілеттері мен білімдерін жоғарғы деңгейде көрсете білді.Әрбір кезеңге тыңғылықты әрі ұтымды жауап беріп, тақырыпқа байланысты өз ойларында дәлелдей білді. Озық деп танылған әрбір топ жүлделі орындармен марапатталып, арнайы сыйлықтар тапсырылды. Интеллектуалдық жарыс Алматы облысы Бауыржан Момышұлы атындағы Алматы республикалық «Жас ұлан» мектебінде қабілетті тәрбиеленушілерді ынталандыру мақсатында болғандықтан, бәсекеге қабілетті, нәтижелі мақсатқа негізделген, танымдық жаңа мазмұндағы интербелсенді әдістер мен психологиялық жаттығулар өте көп қолданылды. Іс – шараның жабылу салтанатында әрбір тәрбиеленушілер бүгінгі іс - шарадан алған әсерлері мен бөлісе отырып, бір - біріне өзек жарды , ізгі тілектерін білдірді.
Өткізілген орны: Бауыржан Момышұлы атындағы Алматы республикалық «Жас ұлан» мектебі
Уақыты: 15.00-17.00
Қатысушылар: 10-11 сыныптарының тәрбиеленушілері
Ұйымдастырушы: Философия және саясаттагу факултеті,педагогика және білім беру менеджмент кафедрасы, п.ғ.к., профессор, Г.А. Қасен
Жауаптылар: Философия және саясаттагу факултеті,педагогика және білім беру менеджмент кафедрасы, «Әлеуметтік пеагогика және өзін – өзі тану» мамандығының 2 курс магистранттары Жирен Балауса Жанысбекқызы, Орынбасар Мөлдір Таңатарқызы.






