«Ұлы даланың жеті қыры»

«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында 28 қараша 2018 жылы «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбында ашық кураторлық сағат өтті. Мұнда Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» деп аталатын екі тараудан тұратын мақаласының мазмұны талқыланды.

«Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт» атты бірінші тарауындағы атқа міну мәдениеті, ұлы даладағы ежелгі металлургия, аң стилі, алтын адам, түркі әлемінің бесігі, Ұлы Жібек жолы, Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны туралы презентация түрінде Өтебаева Алина мен Рахматулла Жамиля жалпы сипаттама берді.

Сонымен қатар, екінші тарауындағы тарихи сананы жаңғырту, архив – 2025, Ұлы даланың ұлы есімдері, Түркі әлемінің генезисі, Ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі, дала фольклоры мен музыкасының мың жылы, тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі туралы айтылды. Мемлекет басшысы «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласымен төл тарихымызды бір жүйеге келтіруі туралы жан-жақты баяндалды. Яғни, елбасымыз құр тарихи деректер емес, жалпақ жұрт түсінетін мәдени дүниеге айналдыру мәселесін қозғайды. Осы тақырып мазмұнын магистранттар кеңінен талқылап, өз пікірлерімен бөлісті. Отырыс өте қызықты болды, іс- шара барысында магистранттар мақаланың әр тарауы мен бөлімшелеріне талдауға белсене қатысты. Сабақ соңында магистранттар бүгінгі іс-шарадан алған әсерлерімен бөлісті.

Күні және уақыты: 28.11.2018 жыл, сағат 15:00

Өтетін орны: ХҚФ, 516 ауд

Ұйымдастырушы: профессор м.а. Қасен Г.А.

Жауаптылар: 2курс магистранттары Өтебаева Алина мен Рахматулла Жамиля

Басылым күні :  11.12.2018