Отбасылық құндылықтар

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының доценті Р. Қасымова мен археология және этнология мамандығының 2 курс магистранттарының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» жобасы аясында "Отбасылық құндылықтар" тақырыбында  тәрбие сағаты  өткізілді. 

Р. Қасымова тәрбие сағатының сөз басында рухани жаңғыру негізінде отбасының ұлттық құндылықтарын дәріптеумен қатар сананы қайта жаңғырту  мәселесін сөз қылды. Отбасылық-психологиялық сұрақтар   рухани жаңғырудың негізі бола отырып, жастардың санасын жаңа уақыт талабына сай өзгеріп келе жатқандығын айтты.

Дөңгелек үстелге археология, этнология және музеология кафедрасының профессоры, т.ғ.д, А.Б.Қалыш "Транскретті экономика жағдайындағы Қазақстан отбасының көрген қиындықтары", ф.ғ.д., АТУ профессоры Зәмзәгүл Қодар "Қазақстан Республикасындағы қазіргі отбасы қай бағытта дамиды?" тақырыптарында баяндама  жасады. Тақырып қызықты болғандықтан, магистранттар мен келген көрермен баяндамашыларға сұрақтарын қойып,   пікір алмасты.

Дөңгелек үстелде магистранттар отбасылық құндылықтар мен отбасының болмысына қатысты өз ойларын, отбасы құндылығы адамзат баласы үшін баға жетпес дүние, оның тәрбиелік, психологиялық аспектісі адамдар үшін қаншалықты маңызды екені туралы айта отырып, факультеттің магистранттарымен интеллектуалды диалог жасады.

Сонымен қатар археология және этнология мамандығының 2 курс магистранты А.Исаев қазақтың ұлттық аспабы сыбызғыда күй орындап, А.Ерсариев "Ата-ананың қадірі" атты термені орындады.

Тәрбиелік іс-шара өте қызықты әрі мазмұнды өтті. Мұндай жастарға берер тағылым-тәрбиесі мол шаралар жастардың жігерін рухтандырып, жан-дүниелері мен таным-түсініктерін мәдени байытады деген ойдамыз. 

Басылым күні :  11.12.2018