«Жаман қылыққа орын жоқ»

2018 жылдың 23 қарашасында сағат 19:00-де әл-Фараби -71 проспектісінде студенттер қалашығында орналасқан ҚазҰУ-нің № 9 жатақанадасында «Денсаулық – зор байлық» жобасынының аясында «Жаман қылыққа орын жоқ» атты тақырыбында әңгіме жүргізілді.

Бұл жиналыста: Жағдайатты басқару орталығының директоры Ишанов Е.Х., психолог-кеңесші, кәсіби маман Мальчиков В., п.ғ.к., доцент Қасен Г.А. «Психология және Педагогика» мамандығының 2 курс магистранттары (Аман Ж., Серикова К., Батжанова М., Калиева А.А., Мусакызы Н., Наркулова Г.М., Чжан Цзин, Ян Хуэй, Чжоу Ми) және негізгі СОР ЦСУ мамандары: Тынысбеков Р., Панзарбеков Н.

Қатысқандар: Философия және политология факультетінің студенттері.

Сұрақтар талқыланды: психобелсенді заттарды тұтынудың алдын алу, әл-Фараби ҚазҰУ атындағы студенттер қалашығында орналасқан жатақханалар мен оқу корпустарыда студенттер арасындағы корпоративтік басқару кодексінің сақтау, тұру ережелері, ішкі тәртіпті сақтау.

Іс-шараны ұйымдастырушыларға студенттер төмендегідей ұсыныс жасады: 1. Студенттердің белсенділігін, қоғамдық көмекшілердің жұмыстарын,

қадағалауын күшейту; 2. СОР ЦСУ қызметкерлерінің көмекшілерінің ара қатынасын күшейту; 3 Жатақханада тұру ережелерін, жатақхана аймағындағы және бөлме тазалығын сақтауын қадағалауды әр қабаттағы старосталарға жүктеу; 4. Жасалған құқықбұзушылыққа уақытылы көңіл бөліп, түсініктеме жұмыстарға жиі профилактика жүргізу, жиналыс ұйымдастыру; 5. Студенттер қалашығында жасалған бұзақылықты дер кезінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЖБО-на хабар беру.

Басылым күні :  07.12.2018