«Топтық қарым-қатынас психологиясы»

28.11.2018 жылы Республика көлемінде Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Топтық қарым-қатынас психологиясы» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Ұйымдастырушылар п.ғ.к., доцент Ұ.Б. Төлешова және «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 2-курс магистранты Мағазова М.С., Педагогика және психология мамандығының 4 курс студенттері Әуелбек А., Әшір А. Сонымен қатар, ҚРМУ-нің оқытушылары Кызырова Арайлым Асетовна, Ермекбай Канагат Алимжанұлы қатысты. Семинар-тренинг Қазақ-Ресей Медицина Университетінде өткізілді, «Педагогика және психология», «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандықтарының 4-курс студенттері, «Стоматология», «Фармация» мамандықтарының 1-курс студенттері қатысты. Тренинг барысында студенттер топтағы өзара қарым-қатынасын нығайту, бірін-бірі жақсырақ тану мақсатында әртүрлі психологиялық ойындар ойнап, жаттығулыр жасады. Психологиялық тренингке алғаш рет қатысқан Медицина университетінің бірінші курс студенттері өздері үшін тренингтің өте қызықты, мазмұнды және әсерлі өткенін айтты. Тренинг соңында Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Шуланбекова Гүлжанар Құралбекқызы, психолог Турниязова Жанар Қуанышқызы тренинг ұйымдастырушылары мен қатысушыларына жылы лебіздерін білдіріп, екі университет арасында алдағы уақытта ынтымақтастықтың нығая түсетініне деген сенімдерін білдірді.

Басылым күні :  04.12.2018