«Педагогикалық мұра ұлттық білім беру жүйесін дамытудың құндылық бағдары ретінде»
2 қараша 2018 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінің педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы «Педагогикалық мұра ұлттық білім беру жүйесін дамытудың құндылық бағдары ретінде» атты халықаралық қатысу бар ғылыми-практикалық конференциясын ұйымдастыру мен өткізілуіне белсенді қатынасты. Конференцияның ұйымдастырушылары «Ашық мектеп» республикалық ақпараттық-әдістемелік журналы және Алматы № 2 мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледж ұжымдары болды.
Конференцияның мақсаты: заманауи білім беру парадигмасын іске асыру міндеттеріне байланысты өткеннің және бүгіннің педагогикалық идеялары мен теорияларының аясында педагогтардың практикалық тәжірибесін ой елегінен өткізу.
Конференция үш панельдік сессия түрінде өткізілген: Отандық білім беруді дамытудағы ағартушылардың философиялық-педагогикалық мұрасының рөлі (модераторы – п.ғ.к., доцент Бактыбаев Ж.Ш.), Классикалық педагогика ұлттың руханияты мен тұлғаның адамгершілік қалыптасуының көзі ретінде (модераторы – № 2 АГПК директоры Дуанабаева Г.Ч.), Болашақ үшін классикалық педагогика (модераторы – «Ашық мектеп» журналының бас редакторы Попова Л.А.).
Конференцияның қорытындысы бойынша конференцияның резолюциясы қабылданды және ал5ыс хаттар берілді, оның ішінде философия және саясаттану факультетінің деканы Масалимова А.Р., педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы Сарсенбаева Г.М., Мынбаева А.К., Пузикова С.М., Аринова Б.А., Бактыбаев Ж.Ш.