"Эвристикалық тәсілдер"

Жаңа ғасыр университетін құруды көздейтін "Al-Farabi university - smart city" жобасында технологиялық және рухани-адамгершілік тұжырымдамалардың синергизмі негізінде қоғамды дамытудың қазіргі заманғы тәсілдері көрсетіледі, тұлғаны білім беру процесіне барынша тартуға, оның үйлесімділігіне және шығармашылық әлеуетін дамытуға ықпал ететін эвристикалық тәсіл идеяларымен ұштасады. Оқытуды ұйымдастырудағы эвристикалық тәсіл тұлғаны білім беру үдерісіне барынша тартуға, оның шығармашылық әлеуеті мен белсенділігінің дамуына ықпал етеді, сондай-ақ оның өз күші мен қабілеттеріне сенімділік ұялатады.

Педагогика және білім беру кафедрасымен «Al-Farabi university- smart city» жобасы аясында "Эвристикалық тәсілдер" атты кәсіби-бағытталған дамыту іс-шарасы өткізілді. Іс-шараға «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 2 курс магистранттары қатысты. Ұйымдастырушы: п. ғ. к., педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының профессор м. а. Қасен Г. А.

Бұл іс-шара болашақ мамандардың зияткерлік әлеуетін дамытуға бағытталған және магистранттар арасында ойлау қабілетін эвристикалық тұрғыдан дамытуға арналған жаттығулармен алмасу бойынша мастер-класс түрінде өткізілді

Басылым күні :  30.11.2018