«Тәні саудың жаны сау»

2015 жылдың 3 наурызында сағ. 15.00-де №311 ауд. Философия және саясаттану факультетінің «Гармония» эстетикалық тәрбие орталығында «Тәні саудың жаны сау» жобасы аясында «Эмоциялық күйді өзіндік реттеу» тақырыбында іс-шара өткізілді. Іс-шараны пед.ғ.д. А.Б. Мукашева, психол.ғ.д. З.Б. Мадалиева, 3 курс студенті А. Джарлыгапарова ұйымдастырды. Іс-шараға 20 адам қатысты.

Студенттерге арт-терапияның техникалары мен тәсілдері берілді, яғни: мандала және зентангла.

Мандала және зентангла өте тиімді, мандаланы құру кезінде қысымнан жеңілдені және адамның ішкі конфликтілерін шешу процесі жүреді. Қатысушылар медитациялық музыка негізінде мандала мен зентангла жасады, өз әсерлерімен бөлісті. Шығармашылық атмосфера қалыптасты, барлық қатысушыларға рухани үйлесіміділік пен эмоциялық қысымды жеңілдетуге арналған көркем медитацияның бұл түрі ұнады.

Басылым күні :  25.03.2015