«Мен таңдаған мамандық...»

2017 жылдың 18 қарашасында сағат 18:00-де,«Айналаңды нұрландыр» жобасының негізінде философия және саясаттану факультетінің №9 Студенттер үйі, Акт залында «Мен таңдаған мамандық...» тақырыбында тәрбиелік іс шара өткізілді, оған «Ана тілі» газетінің тілшісі Жұмашев Абылайхан және «Қалаулым» бағдарламасының редакторы Әбсаттар Әділ студенттермен кездесуге шақырылды.

Шақырылған қонақтар өздері таңдаған мамандықтарының қыр-сырымен бөлісіп, кейіннен студенттермен пікір алмасты.

Кездесу барысында студенттер әртүрлі сұрақтар қойды. Тілші, журналист мамандығының жүгі қандай, несімен ерекшеленеді, қыз балаға ол мамандық жарасады ма және т.с.с. сұрақтарға жауап алды. Кеш соңында «Ана тілі» газетінің тілшісі Жұмашев Абылайхан студенттермен бірге гитарамен ән салды.

Студенттер көкейде жүрген сұрақтарға толық жауап ала алғандығына және дұрыс бағыттағы кеңестеріне рақметтерін айтты. Тәрбиелік іс шараның ұйымдастырушылары: Философия және саясаттану факультеті, Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының доценті Р.С. Қасымова және 2 курс магистранттары.

Басылым күні :  30.11.2017