«Латын әліпбиіне көшу – заман талабы»

Қыркүйек айының 23 жұлдызында Философия және Саясаттану факультеті, Педогогика және Білім беру менеджменті кафедрасының Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығының II- топ, 4- курс студенттері және эдвайзерлік жетекшісі Жұмабекова Қырмызы Бақытқалиқызымен «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» атты тәрбиелік іс-шара өткізілді.

Бұл іс-шараның барысы елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың, «Бұл үдеріс жақсы дайындықты және ойластырылып жүргізілуді қажет етеді. Осы орайда, XX ғасырда кириллица негізінде қазақ тіліндегі әдеби және ғылыми мұралардың ауқымды қоры әзірленгенін есте сақтағанымыз жөн.....» - деген сөзімен басталып, студенттер арасында ашық сұқбат болып өтті. Осы сәтте бірнеше сұрақтар талқыланды.

Сонымен қатар, студенттердің жеке баяндамалары оқылып, сәйкесінше латын әліпбиіне көшу жайлы тиімді пікірлерге ой салып қарастырдық. Осы өтілген тәрбелік іс-шара аясында қойылған мақсат орындалды деп ойлаймыз.

Ашық дискуссия барысында талқыланған пікір алмасу өз мәресіне жетіп,с оңында бүгінгі ашық дискуссияны ұйымдастырушы эдвайзерлік жетекшіміз өз   сөзімен қортындыланып естелік суретке түсті.

Басылым күні :  07.11.2017