«Әлеуметтік қызметтің инновациялық технологиялары: шетелдік тәжірибе»

Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы 2017 жылдың 27 ақпанында «Al-Farabi university smart city»» жобаны қолдау барысында «Әлеуметтік қызметтің инновациялық технологиялары: шетелдік тәжірибе» тақырыбында магистранттарға арналған дөнгелек үстел өткізді.

Ұйымдастырушылар: п.ғ.д., профессор Магауова А.С., п.ғ.к., доцент Қасен Г.А, «Педагогика және психология» мамандығының 2 курс магистранты Даутова Ж.

П.ғ.д. профессор Магауов А.С. ТМД мемлекеттерде танымал әлеуметтік қызметтердің шагын байқауын өткізген. Презентация және бейнематериалда Даутова Жадыра 2 курс магистранты Латвия, Резекнен технологиялық Академиясында(Rēzeknes Tehnoloģiju Akadēmijas.) откен ғылыми-практикалық стажировкасын толық ашықтап корсетті. 

Магистрант бұл стажировка барысында болып қайтқан әлеуметтік мекемелер, лабораториялар, халықтық ребилитация орталықтар жайлы қысқаша таныстырып өтті. Олардың ішінде:

-         «SLOKA» әлеуметтік реабилитация орталығы (Юрмала)

-         SIVA- әлеуметтік интеграция мемлекеттік агенттігі (Юрмала)

-         VISC білім мазмұны ұлттық орталығы (Рига)

Студенттер Латвия тәжірибесінде әлеуметтік қызмет көрсетудің функцияларын, әлеуметтік педагогтардың бағыттарын, Берт Хеллингердің әдісін егжей тегжелі зерттеді. Өмірлерінде әр түрлі бастарына келген қиыншылықтар және олардың бұл қиыншылықтардан қалай өткендері жайлы адамдардың өмірбаяндары туралы деректі фильм тамашаланып, Латвиядағы өміршеңдік зерттеулерлерінің талдаулары жасалынды. REGI (РТА) ғылыми зерттеу институты жанындағы Әлеметтік реабилитация лабороториясына сырттай танысу мүмкіншілігін нәтижесінде BIODEX, BIOSWAY реабилитациялық техникалары және оларды қолдану әдістерімен танысып, жинақтаған тәжірибесімен бөлісті.

Соңында, магистрант қатысушыларды Резекнен технологиялық академиясының сайтымен таныстырып, “ International cooperation in the sphere of science and education: the experience of Kazakhstan and Latvia” атты имидждік мақаласын тамашалап көрсеткен.

Басылым күні :  03.04.2017