Ұлт тағдырының жанашырымен өткен жарты сағат немесе С. Ғ. Ғаббасовпен кездесу

«Жақсыменен өткізген жарты сағат – жаманның өтіп кеткендей өміріндей». Дархан даланың иесі, кеңпейіл қазағымның ұрпағына қалдырып кеткен осындай асыл сөздерінің әрқайсысының мағынасы терең екеніне ешкім күмән келтірмес.Бүгінде жоғарыдағы мәуелі сөздің растығына көзіміз тағы бір мәрте көзіміз жетті.

Қара шағырақ, ілгері білім ордасы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, философия және саясаттану факультетінде «педагогика және білім беру менеджменті» кафедрасының ұйымдастыруымен «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында педагогика және медицина ғылымдарының докторы, ұлт жанашыры Совет-Хан Ғаббасұлы Ғаббасовпен кездесу өтті. Екі іргелі ғылымның майталман маманымен кездесуге        студенттер және оқытушылар қатысты.

Ғалым, жазушы кездесудің алғашқы сәтінен –ақ ұлттың болашағына, өскелең ұрпақтың тәрбиесіне алаңдайтынын байқатты. Тәуелсіз Қазақстанның болашағының тұтқасын ұстар азаматтар мен азаматшаларды тәрбиелеуші бізге, яғни болашақ педагог мамандарға бұл көшбасшылық дәрістің берері көп болды десем артық айтқаным емес. көшбасшылық дәріс барысында С. Ғаббасов ұлт болашағы болып табылатын – ұрпақтың саулығы үшін нендей жағдайларды ескеру керектігі, қайткенде қоғамымызда дені сау, саналы ұрпақ әкелуге болатыны жөнінде тоқтала кетті. Өзінің өмір тәжірибесімен бөлісіп, жанның он екі арнасы жөнінде студенттерге толық мәлімет бере кетті. Дәрісті қызығушылықпен тыңдаап отырған студенттер тарапынан сұрақтар қойылды. Студенттерді ғалымның өз балаларын қалай тәрбиелегені жөніндегі сауалдар бей-жай қалдырмады. Құрсақтан бастап тазалыққа, ұлтын сүюге үйрету керектігін баса айта кетті. Жанның он екі арнасын ескере отырып тәрбиеленген балалардың ерекшелігіне таңданғанын, сол таңданысын студенттермен бөлісті. Ұлттың негізгі байлғы, оның өткен тарихымен байланысы – анасының сүтімен бойына дарыған ана тілі екенін, оны қадірлемей ұлттың болашағы қараңғы екенін мықтап еске салды. Көшбасшылық дәріс соңында студенттерге ақ батасын беріп, қоғамға дені сау, өз ұлтының жанашыры болар саналы ұрпақ тәрбиелейміз деген студенттердің уәдесін алды. Міне, осылайша тағылымы мол көшбасшылық дәріс те аяқталды.

Философия және саясаттану факультеті, Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында 10 ақпан 2017 жылы Жазушы, медицина және педагогика ғылымдарының  докторы,   Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық Нострадамус атындағы академияның      толық мүшесі – Академик,Әл-Фараби  атындағы  ҚазҰУ-нің профессоры Совет-Хан Ғаббасов Ғаббасұлының «Ұлттық тәрбие – өркениеттілік өзегі» тақырыбында жүргізетін лидерлік дәріс.   

 Ұйымдастырушылар: педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының меңгерушісі Булатбаева А.Ә., Аға оқытушы Рамазанова С.А.


Басылым күні :  03.04.2017