Зейнолла Қабдолловтың «Менің Әуезовім» романы.

Қараша айының 21 жұлдызында Философия және Саясаттану факультеті, Педогогика және Білім беру менеджменті кафедрасының Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығының II- топ, 3- курс студенттері және Эдвайзерлік жетекшісі Жұмабекова Қырмызы Бақытқалиқызымен М.Әуезов өмірінен сыр шертетін, Зейнолла Қабдоловтың жазушылық шеберлігімен туындаған романын студенттер арасында ашық пікір талас түрінде өткізілді.

Бұл ашық дискуссияның барысы Әбіш Кекілбайұлының сөздерімен басталып, жазушы өмірі және шығармашылығы баяндалған презентациялық жұмыс көрсетілді. Презентациялық жұмыспен танысқан соң студенттер роман желісі бойынша оқырмандардың ойларымен өзара пікір алмасты. Осы сәтте бірнеше сұрақтар талқыланды. Қаламы қарымды жазушы, академик - Зейнолла Қабдоловтың «Менің Әуезовім» романын жан-жақты талқылау барысында қойылған мақсат орындалды деп ойлаймыз.

Ашық дискуссия барысында талқыланған пікір алмасу өз мәресіне жетіп,соңында бүгінгі ашық дискуссияны ұйымдастырушы эдвайзерлік жетекшіміз өз сөзімен қортындыланып естелік суретке түсті.

Ұйымдастырушылар:

Куратор эдвайзер Қ.Б. Жұмабекова

Әлеуметтік педагогика және өзін- өзі тану

мамандығының 3-курс студенттері

Басылым күні :  10.12.2016