«Мисс Педагогика- 2016» байқауы

2016 жылдың 28 сәуірде 14:00- де «Айналаңды нұрландыр» және «100 кітап» жобалары аясында факультет аралық «Мисс Педагогика- 2016» байқауының соңғы кезені өткізілді. Байқаудың мақсаты, әлеуметтік, мәдени, кәсіби құзыреттілігі жоғары, шығармашыл, жасампаз болашақ педагог мамандарды анықтау және қолдау. Байқау барысында әрбір қатысушы өзін жан-жақты таныстырып, өз түсініктеріндегі педагог имиджін сипаттады. Педагог маманы, оқытушы ғана емес жан-жақты дамыған, болашақты қалыптастырушы тұлға ретінде танылды. Өнерге бай байқау қатысушылары, видео-роликтермен презентациялар жасап, ән мен биге баурап, домбырамын күй шертіп, зияткерлік қабілеттерін де танытты. Байқауға өзін-өзі тану мамандығы мен педагогика психология мамандықтарының 3 курс студенттері , филология факультетінің Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 2 курс студенті белсенді қатысты.

Басылым күні :  05.05.2016