«ӨЛЕҢДЕР МЕН ӘНДЕР ӘЙЕЛДЕР БЕЙНЕСІНДЕ»

,

8 наурыз Халықаралық Әйелдер Күніне арналған және

"АЙНАЛАНДЫ НҰРЛАНДЫР" жобасы аясында

«Логос» Студенттік ғылыми қоғам ұйымдастырған

МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА

 

Поэзиядағы ең сүйікті тақырыптардың бірі – ол әйел туралы шығармалар. Әйгілі ақын жазушылар өздерінің сүйікті әйелдеріне ғажап сөздер жырлап, әдемі бейнелерін суреттеген. Олар - Данте, Шекспир, Гете, Пушкин, Абай, М.Мақатаев... Әйелге арналған өлеңдер, әрбір классиктердің және қазіргі заманғы ақындардың шығармашылығында аз емес.

Дегенмен, әйел-ақындар да, өз шығармаларында әлемге деген көз қарасын бейнелеп, кейде күліп, кейде керісінше, әйелдердің өмірі оңай келмейтіні туралы жазған.

4 наурыз куні «Педагогика және білім беру менеджменті» кафедрасында әдемі, нәзік жандарға арналған шығармашылық кеш өткізілді. Мерекелік кеш әйгілі ақындардың өлендерімен, классиктердің және халқымыздың музыкалық шығармашылығының тіреуімен өтті.

Мерекелік кешіміз қыз баланың өсіп-өнген кезендерін, оның келіншек, ана және әже болуын - уақыт ретроспективасында көрсетілген.

Ана – үйдің берекесі, сөздің ең төресі. Адам және адамзат тағдырында ананың рөлі – ең маңызды болып есептеледі. Мерекелік кеште ана туралы әсерлі видеороликтер көрсетіліп, көрермендерді немқұрайлы күйде қалдырмады. Студенттер ана туралы ән орындап, көрермендердің көңілін жаулады.

«Педагогика және психология» мамандығының 3 курс студенттері «Аққу» биін сахнада өте керемет билеп берді.

8 наурызға арналған мерекелік кеш керемет флешмоб биімен және «Педагогика және білім беру менеджменті» кафедрасының ер-азаматтарының құттықтауымен аяқталды.

Басылым күні :  05.04.2016