Мектеп барлығы үшін!

29 қыркүйек күні Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасында жас оқытушылар мектебінің бірінші отырысы болып өтті. Бұл отырыста жас оқытушылармен кафедраның оқу пәндері бойынша оқу-әдістемелік кешенін жасау әдістемесі мен мазмұны талқыланды.

Кафедра профессоры Мадалиева З.Б. жас оқытушылар тәжірибе жеткіліксіздігінен кездестіретін қийындықтары мен қателіктері туралы тоқталып кетті.

Ал жас оқытушылар мектебінің жетекшісі, профессор Пузикова С.М. "мұндай құжаттар мазмұнын жасау кезінде негізгі талаптарға формалды түрде сай жасау ғана емес, сондай-ақ әрбір ұсынылатын құжатқа өзіндік "Менін", эмоционалды индивидуалды бастауын салу қажет, себебі бұл жас оқытушыларды құжатпен танысу барысының өзінде-ақ қызығушылықтарын оятады.

Басылым күні :  13.10.2015