Қазақстандағы мектеп моделінің дамуы: Ы. Алтынсариннен заманауи кезеңге дейін

29.11.2021 ж. Қазақстанның тәуелсіздігіне 30 жыл және ағартушы Ы. Алтынсариннің туылғанына 180 жыл толуына арналған «Қазақстандағы мектеп моделінің дамуы: Ы. Алтынсариннен заманауи кезеңге дейін» атты  Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция жоғары деңгейде өтті. Конференция жұмысына университеттің белді ғалымдары, атап айтқанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлеуметтік даму жөніндегі проректор м.а., философия  ғылымдарының докторы, профессор А. Р. Масалимова, педагогика ғылымдарының докторы, профессор А.Қ.Құсайынов, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ш.Т.Таубаева, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор м.а. Н.С. Әлқожаева қатысып, құнды баяндамалар жасалды. Сонымен қатар,  Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ғылым жөніндегі вице-президенті, PhD доқторы Н.С.Пұсырманов «Болашақ көкжиегі-білімді ұлт» тақырыбында баяндаған тақырыбы білім болашағының негізгі кілті білімді ұлт қолында екенін айшықтай түсті.

Конференция барысында Ресей Тұңғыш Президенті Б. Н. Ельцин атындағы ОРФУ профессоры, психология ғылымдарының докторы  И.С. Крутько мен философия ғылымдарының кандидаты ,доцент Н.В. Попова өз баяндамаларын оқыды.

Алматы қаласында орналасқан Ы. Алтынсарин есімімен аталатын   №159 гимназия директорының оқу жөніндегі орынбасары Арын Ержан Омарұлы «Ы. Алтынсариннің педагогикалық идеяларының бүгінгі күнмен сабақтастығы» тақырыбында мазмұнды келелі баяндама оқып, жалпы мектептің бүгінгі күнгі тынысы мен жетістіктерін атап өтті.

Конференцияның секция жұмысы кесте бойынша  жоспарлы түрде жұмыс жасады.  Сондай-ақ, конференция аясында  қатысушыларға арналған шеберлік-сыныптар ұйымдастырылды.

Конференцияны ұйымдастырушы алқалыққа, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әкімшілік мүшелеріне, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ұжымына,  профессорлық-оқытушылар құрамына, шет ел ғалымдары мен жалпы  қатысушыларға үлкен алғыс білдіреміз.

Конференция қорытындысы бойынша мақалалар жинағы жасақталды және шеберлік-сыныптарға қатысқан  қатысушыларға сертификат берілді.

 

 

 

Басылым күні :  11.12.2021