"Мықты болуды қалай үйрену керек?"

           О.М. Борецкийдің киноклубына келгенде ылғи әлдеқандай ашылу немесе шокты күтесің. Біз осы жолы да қателескен жоқпыз.

        Біз кураторлық тобымызбен бірге 2 сәуір күні «Айналаңды нұрландыр»  жобасының аясында қарапайым емес, сындарға төзе алатын адамдар жолығатын әсерлі «Тэмпл Грендин» фильмін көрдік. Сюжет шынайы фактілер негізінде құрылған: аутизм қасіретін шегетін, кейін АҚШ-тың ең көрнекті жоғары оқу орындарының біріндегі профессор болатын әйелдің өмірі туралы.

Фильмде тұлғаның дамуы мен өзін-өзі бекіту жолында шешілмейтіндей болып көрінетін кедергілерді жақындарының қолдануымен жеңуі таңғаларлықтай эмоционалды көрсетіледі. Біз үшін, педагогикалық мамандық өкілдері ретінде, бұл фильм осы ерекше адамдарды терең түсінуге, сонымен қатар тәрбиеленушілердің осындай санатымен кәсіби өзара қарым-қатынас құруды үйрететін оқу құралы іспеттес.

Барлық оқытушыларға, магистранттарға және студенттерге, әсіресе «Педагогика және психология», «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандықтарының студенттеріне, сонымен қатар аутизмнің не екенін, кез-келген өмірлік жағдайда қалай күшті болу керектігін білмейтіндерге де көруге кеңес береміз! 

Жалпы және этникалық

педагогика кафедрасының

куратор-эдвайзерлері

Пузикова С.М., Отарбаева А.Б.


Басылым күні :  25.04.2015