«Отан қорғаушылар күні»
2021 жылдың 5 мамыр Zoom платформасында онлайн форматта «Отан қорғаушылар күні» тақырыбында «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану», «Педагогика және Психология» мамандықтарының 2 курс орыс бөлімі студенттерімен кураторлық сағат өтті. 7 мамыр - Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күні. Бұл тәуелсіз еліміздің өзіндік қорғаныс қабілеті бар екенін білдіретін мереке. «Намыстан жаралған наркескен халықпыз, елдіктің найзасын ерлікке жаныппыз» деген батырлық әр қазақтың қанында бар қасиет. Отан үшін отқа түсер азаматтарымыз ортамызда, қарулы күштердің құрамында халқына қызмет еткені айтылды.Ұйымдастырушы: Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының аға оқытушысы Г. М. Ақбаева
Басылым күні : 15.05.2021