«Конфуций шығармаларындағы адамгершілік және мораль»

 

  • 2021 жылдың 28 сәуірінде Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының доценті Ж.Ш.Бақтыбаевтың жетекшілігімен «Педагогика және психология» ББ магистранттары Ма Хансюэ және Тао Жиге «Конфуций шығармаларындағы адамгершілік және мораль» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізді. Тәрбиелік іс-шараға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия және саясаттану факультетінің оқытушылары, магистранттары және студенттері қатысты.
  • Тәрбиелік іс-шара барысында ұйымдастырушылар тақырып бойынша баяндамалардың презентацияларын көрсетті, қатысушылар қытай ойшылы Конфуцийдің философиясы туралы бейнеролик тамашалады.
  • Тәрбиелік іс-шара нәтижесінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жанындағы Конфуций институты Қазақстан Республикасында қытай тілінде жоғары білікті мамандар даярлаудың жетекші орталығы екені туралы ақпарат берілді. Конфуций институты - Қазақ ұлттық университеті мен Ланьчжоу университетінің (ҚХР) көпжылдық ынтымақтастығы мен бірлескен күш-жігерінің нәтижесі.

Басылым күні :  28.04.2021