Біріккен Ұлттар Ұйымының Халық қоры (ЮНФПА) ұлттық бағдарламаларының үйлестірушісімен онлайн кездесу

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасында студенттердің Біріккен Ұлттар Ұйымының Халық қоры (ЮНФПА) ұлттық бағдарламаларының ұлттық үйлестірушісі Ғазиза Молдақұловамен онлайн режимінде кездесуі өтті. Шақырылған сарапшы жастарға репродуктивті құқықтар, репродуктивті денсаулық проблемалары және адамгершілік-жыныстық тәрбиенің тиімділігі туралы ақпарат берді. Сондай-ақ, олар осы тақырып бойынша ЮНФПА-ның техникалық қолдауымен Қоғамдық пікірді зерттеу орталығы (CIOM) өткізген әлеуметтік сауалнамалардың нәтижелерін талқылады.

Басылым күні :  13.11.2020