ҚазҰУ Студенттер сарайында әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын ресми салтанатты түрде атап өту рәсімі бастау алды.

ҚазҰУ Студенттер сарайында әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын ресми салтанатты түрде атап өту рәсімі бастау алды. Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шараға ҚР Мемлекеттік хатшысы Қ.Көшербаев, Алматы әкімі Б.Сағынтаев, мемлекет және қоғам қайраткерлері, БҰҰ, ЮНЕСКО, ИЫҰ, ТҮРКСОЙ және т.б. халықаралық ұйымдардың, ҚР-дағы дипломатиялық миссиялар өкілдері, ЖОО ректорлары, ғылыми орталықтар мен ҒЗИ жетекшілері, шетелдік және отандық ғалымдар-фарабитанушылар қатысуда. Салтанатты шара алдында қонақтар әл-Фараби ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

#Әл-Фараби1150#ҚазҰУ

Басылым күні :  30.01.2020