ІЗГІЛІКТІ ҚОҒАМ ЖОЛЫНДА: ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТТЕР ОРТАЛЫҚТАРЫ ҚЫЗМЕТІНЕ ЕНГІЗУ

Әлеуметтік жауапкершілікті университеттер желісі қатысушыларының біліктілігін көтеру бойынша семинар (USRN):

«ІЗГІЛІКТІ ҚОҒАМ ЖОЛЫНДА: ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТТЕР ОРТАЛЫҚТАРЫ ҚЫЗМЕТІНЕ ЕНГІЗУ»

Уақыты және жүргізілу орны: 17-18 қыркүйек 2019 жыл, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ғылыми кітапханасы, Алматы қаласы, Казақстан.

Ұйымдастырушылар: әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Университеттердің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша желі (USRN):

Халықаралық деңгейде университеттердің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша желі (USRN)  басшыларының қатысуымен болатын семинар азаматтық жауапкершілікті, адамдарға, әлеуметтік институттарға қатысты сенімділікті насихаттау мақсатында   ізгілікті қоғамға бару жолындағы негізгі миссиясы интеллектуалдық, әлеуметтік, мәдени және білім беру функцияларын жүзеге асыру болып табылатын қазіргі көппрофильді университеттерді қалыптастыруға, әлеуметтік жұмыс практикасының көп түрлілігін, еріктілер қозғалысын күшейтуге әсер етеді.

     Қатысушылар: Элисон Ллойд - университеттердің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша Желілер комитетінің тең төрағасы; Игорь Рогов - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының атқарушы директорының орынбасары; Фейсал Азаиза – Хайф университетінің әлеуметтік қамтамасыз ету және денсаулық сақтау факультетінің деканы; Мин Фан - Пекин педагогикалық университетінің бағдарламалар бойынша маманы; Мартин Джордан – Претория университетінің аға оқытушысы;    Хок Бун Ку, Қытайлық ғылыми зерттеулер желілерінің директоры;  Донгву Сонг, Жаһандық қатысу, құқықтар мен мүмкіндіктердің кеңеюі Институты тобының басқарушысы(IGEE), Ионсей университеті; Фернандо Паласио, бағдарламалар бойынша аға лектор, Киот университеті; әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің басшылары, оқытушы профессорлар құрамы.

Семинар бағдарламасы университеттердің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша Желі (USRN); қызметкерлері-қатысушыларының баяндамаларын; әлеуметтік жауапкершіліктің практикасын талқылауды (Сессиялар 1,2,3,4); «Аналар үйі», Қоғамдық қоры, «Қазақстанның тең құқықтар мен мүмкіндіктер институты» Қоғамдық қоры, «АРАША» тұрмыстық зорлық құрбандары баспанасына баруды; әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ситуациялық басқару және Жасыл технологиялар Орталықтарымен танысуды, мәдени турлар мен бейресми араласуды қамтиды. Қатысушылар университеттер желісі қызметімен және тәжірибесімен, ізгілікті қоғам құрудағы әлеуметтік жауапкершілігімен, азаматтық қоғам институттарымен қарым-қатынас жасау практикасымен танысады.

www.kaznu.kz

www.usrnetwork.org

Басылым күні :  13.09.2019