ҚПЗО компаниясының ашық есік күні

2019 жылдың 22 ақпанында «Әлеуметтану» мамандығының 1 курс студенті Сапарова Н.Б. және «Әлеуметтану» мамандығының 3 курс студенттері «Қоғамдық Пікір Зерттеу Орталығы» (ҚПЗО) зерттеу компаниясында болды. Студенттер компания қызметкерлерімен танысты, қызметкерлер зерттеу саласындағы өздерініңжеке және кәсіби дағдыларымен бөлісті, сондай-ақ компанияның тарихы мен әртүрлі социологиялық зерттеулердің дамуы жайлы презентация өткізілді. Іс-шараның соңында студенттер әлеуметтік және маркетингтік зерттеулер саласында пайдалы ақпарат пен оң әсер алды. 



Басылым күні :  25.02.2019