85 жылдығына орай «Ғылымға шыңдалған университет» атты ашық тәрбие сағатын өткізді.

2019 жылы 7 ақпанда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Философия және саясаттану факультеті,Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының доцент м.а., соц. ғыл. кандидаты Қ.А. Авсыдыкова мен 1 курс доктаранты С.М. Сыздықованың ұйымдастыруымен «Әлеуметтану» мамандығының 2 курс студенттеріменуниверситеттің 85 жылдығына орай «Ғылымға шыңдалған университет» атты ашық тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағаты барысында университеттің өткені, бүгінгісі, келешегі жайлы жан-жақты баяндамалар талқыланып, қызықты пікірталас жүргізілді. Тәрбие сағаты барысында университетімізді бітірген елімізге белгілі, әр салада қызмет етіп жүрген тұлғалар жайлы да сөз етілді.

Басылым күні :  14.02.2019