Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Жолдауын қолдау және үгіт-насихат жүргізу мақсатында кураторлық сағат өтті.

Қазанның 26 жұлдызында Философия және Саясаттану Факультетің "Әлеуметтік жұмыс " мамандығының 4-курс студенттері және кураторлары - Кылышбаева Б.Н. қатысуымен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Жолдауын қолдау және үгіт-насихат жүргізу мақсатында кураторлық сағат өтті.

Студенттер алдында сөз сөйлегенкуратор Кылышбаева Б.Н. Ұлт көшбасшысының жаңа жолдауының негізгі аспектілерімен таныстырып, биылғы жолдау - нақты істердің бағдарламасы екенін, оның барлық қазақстандықтарға қатысы барын баяндап, Президенттің: «дамыған бәсекеге қабілетті мемлекет болу үшін біз жоғары білімді ұлт болуымыз керек» деген  ойына назар аударды. Қазақстан алдында тұрған он міндетті атап, Президент қазақстандық қоғамның барлық аяларына - өнеркәсіп, қаржы, білімге қазіргі заманғы технологияларды белсенді енгізуге  ерекше көңіл бөлді.

Іс-шара барысында әлеуметтік саясатқа қатысты мәселелер , жаңа инновациялық жобалар талқыға салынды. Сонымен қатар талқылауға "Саясаттану" мамандығының 4-курс студенттері бас қосты, бұндай тәжірбие студенттердің көзқарастарын кеңейтуге мүмкіндік берді.

Басылым күні :  05.11.2018