«Ресей ақын-жазушылары» «100 кітап» жобасы аясында

2018 жылдың 21 ақпан күні өндірістік практика бойынша әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының  Әлеуметтік жұмыс мамандығының 4 курс студенті Қалдыбек С.Т Алматы қаржы-құқықтық және технологиялық колледжінде «100 кітап» жобасы аясында «Ресей ақын-жазушылары» атты тәрбиелік іс-шара өткізді.

Бұл іс-шараның мақсаты әуелі,студент бойындағы игі істермен жақсы тәрбиені қалыптастыру, білім мен өнерге баулу, «100 кітап» жобасы аясында студенттер арасында орыс классиктерінің туындыларын оқытуды тарату. Тәрбиелік іс-шарада колледж студенттері Пушкин, Лермонтов, Достоевский, Толстой, Есенин, Ахматова және басқа орыс әдебиетінің классик авторларының өмірбаянымен танысып, осы авторлардың классикалық проза және поэзия үлгілерін талдап, өз ойларын ортаға салды. Тәрбиелік іс-шара барысында колледждің оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Улжан Кадырбековна өз пікірін айта кетті. Классикалық құндылықтар өмір шындығының ащы тұстарын көрсетіп, ал кітаптар негіз бола білген осындай іс-шаралар болашағына бағдар беріп, тың ойларды ойлап, мақсатқа жету үшін өзгеше пікірді қалыптастыруға, ерекше шешімдерді табуға үйретері сөзсіз.

Өтетін орны: Маметовой, 69

Уақыты: 9:00, 21.02.2018

Тәжірибе жетекшілері: Абдирайымова Г.С., Амитов С. А, Шеденова.Н.У.

Басылым күні :  03.04.2018