С. Асмфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында Т.К. Қуандықовпен кездесу өтті.

2018 жылдың 2 наурыз күні С. Асмфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында студенттердің «Қазақстанның 100 жаңа есімі» республикалық жобасының жеңімпаздары Репродуктивті медицина инситутының дәрігері Л.К. Айтқожина және А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургиялық орталығының бөлімше меңгерушісі Т.К. Қуандықовпен кездесу өтті.

Шара аясында Л.К. Айтқожина мен Т.К. Қуандықов болашақ дәрігерлерге өз саласының кәсіби маманы болуға ынталандыру, ғылыми, инновациялық жаңалықтарға деген қызығушылығын ояту, азаматтық белсенділік пен отансүйгіштікке тәрбиелеу үшін «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «100 жаңа есім» жобасы туралы, Қазақстанның медицина саласының жетістіктері және білікті маман болуы үшін өз ақыл-кеңестерімен бөлісті.

Басылым күні :  27.03.2018