Қос дипломдық білім беру аясында магистранттарының қатысуымен вебинар өткізілді

2018 жылдың   6 наурызында Әл-Фараби атындағы қазақ Ұлттық университетінің әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасында магистранттарға арналған «Халықтың әл-ауқаты және оны өлшеу» курсы бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің және Ресейдің Бірінші Президенті Б.Ельцин атындағы УРФУ (Ресей) университетерінің «6M090500-Әлеуметтік жұмыс» мамандығының 1 курс студенттерінің (қос дипломдық білім беру аясында) магистранттарының қатысуымен вебинар өткізілді. Вебинарға КазҰУ-де академиялық стажировкадан өтіп жатқан Башқұр мемлекеттік университетінің «Әлеуметтану» мамандығының 3 курс студенттері белсенді түрде қатысты. В

ебинар тақырыбы: «Халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын өлшеудің әлеуметтанулық индикаторлары».

Жауаптылар:Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының профессорлары Абдикерова Г.О., Садырова М.С.

Басылым күні :  27.03.2018