Ұлы Отан Соғысындағы жеңіске 70 жыл толуына байланысты Бауыржан Момышұлының «За нами Москва» атты туындысы талқылану

Ақпан айының 26-шы жұлдызында Ұлы Отан Соғысындағы жеңіске 70 жыл толуына байланысты, «100 кітап» іс-шарасы аясында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел барысында Бауыржан Момышұлының «За нами Москва» атты туындысы мен Роман Поланскидың «Пианист» атты бейнефильмі талқыланды. Іс-шара әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің №9 жатақханасында «Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс» кафедрасының мұғалімдері: Жаназарова З.Ж., Нұрбекова Ж.А., 1-ші курс магистранттары Жадрин Б.Б., Аманкулова А. ұйымдастыруымен өткізілді. Талқылауға «Әлеуметтік жұмыс» және «Әлеуметтану» мамандықтарының 1,2,3-курсының қазақ және орыс бөлімінің студенттері қатысты.

Басылым күні :  12.03.2015