«100 кітап» жобасы аясында М. Әуезовтың «Абай жолы» романын талқылау

2016 жылдың 23 қарашасында философия және саясаттану факультетінің әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы «100 кітап» жобасы аясында М. Әуезовтың «Абай жолы» романын талқылауға арналған дөгелек үстел өткізді. Іс-шарада студенттер белсенділік танытты, кіріспе сөзбен әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының аға оқытушысы Омарова Әсем Тұрдыбекқызы сөз сөйледі. «Абай жолы» романын талқылауға арналған дөңгелек үстелге әлеуметтік жұмыс мамандығының 1,2,3,4 курс студенттері қатысты. Іс-шара барысында «әлеуметтік жұмыс» мамандығының 3- курс студенті Шерова Қаракөз модератор ретінде іс-шараны жүргізсе, Камиль Айнұр мен Өтебай Айнұр «Абай жолы» романына қатысты басқа ғалымдардың пікірлеріне тоқталып баяндама оқыды. Ал «әлеуметтік жұмыс» мамандығының 3- курс студенті Қалмуханбетова Меруерт пен «әлеуметтік жұмыс» мамандығының 4- курс студенттері Карипов Нұртас пен Абдуали Нұршайық «Абай жолы» романын қысқаша баяндап берді. Іс-шараны «әлеуметтік жұмыс» мамандығының 3- курс студенті Төленді Шолпан Бижанова Ақмаржанның «Ұлы Абайға арнау» өлеңімен аяқтады.

Уақыты мен орны: №9 студенттер үйі, 2016 жыл, 28 қараша, сағат 19.30.

Ұйымдастырушылар: Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының аға оқытушысы Омарова Әсем Тұрдыбекқызы, «әлеуметтік жұмыс» мамандығының 3- курс студенттері.

Басылым күні :  20.12.2016