Париж-Сарбонна (Париж IV) Университетінің профессоры Филипп Штайнер «From the Maussian Gift to Organizational Gift» тақырыбында ашық дәріс

2016 жылдың 18 қараша күні ФжСФ 121 дәрісханасында «Айналаңды нұрландыр» инновациялық жобасы аясында, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы, Париж-Сарбонна (Париж IV) Университетінің профессоры Филипп Штайнер «Экономикалық әлеуметтану» кітабын таныстырды, сонымен қатар профессор Филипп Штайнер «From the Maussian Gift to Organizational Gift» тақырыбында ашық дәріс оқыды. Іс-шарада әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының оқытушылары, студенттер, магистранттар мен докторанттар және кездесу қонақтары белсенділік танытты.

Ұйымдастырушылар: әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы, кафедра менгерушісі, әлеум.ғ.д., профессор Әбдірайымова Г.С., әлеум.ғ.к., доцент м.а. Амитов С.А., PhD, доцент м.а. Бурханова Д.К. және 2 курс магистранттары Жарменова А.Қ., Қайырханова А.О., Қасымов Д.Д.

Басылым күні :  07.12.2016