Ш.Айтматовтың «Ақ кеме», «100 кітап»

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы «100 кітап» инновациялық жобасы аясында, 2016 жылдың 14 қараша күні 17.00 тәрбиелік іс-шара өткізді. Тәрбиелік іс-шара Ш.Айтматовтың «Ақ кеме» шығармасы негізінде 2 курс «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы студенттерінің қатысуымен өткізілді.

Тәрбиелік іс-шара студенттердің белсенді ой бөлісуі, пікір алмасуы және интерактивті құралдарды пайдалана отырып талқылау сабағы түрінде жүргізілді.

Ұйымдастырушылар: социол.ғ.д., профессор Әбдірайымова Г.С., социол.ғ.к., доцент Морозова Т.А., аға оқытушы, PhD докторы Бурханова Д.К. және «Әлеуметтік жұмыс» мамандығының 2 курс магистранты Қайырханова А.О.


Басылым күні :  07.12.2016