«Отбасы» үйірмесі «Отбасылық бизнес заманауи қоғамның тұрақтылық факторының бірі ретінде» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді

Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының «Отбасы» үйірмесі 28 қазан күні, сағат 12-де ФжСФ 123 аудиториясында «Айналанды нұрландыр» негізінде «Отбасылық бизнес заманауи қоғамның тұрақтылық факторының бірі ретінде» тақырыбына әлеум.ғылымдар докторы, профессор Жаназарова З.Ж., және әлеум.ғылымдар докторы, профессор Нурбекова Ж.А.,

Дөңгелек үстелде Алматы қылысының кәсіпкерлері: Коновалов П., Косинова Е., Базарбаева А., Пряхин О., қатысты. Олар отбасылық бизнес туралы тәжірибелерімен және дамуымен бөлісті, студенттерді қайырымдылық шараларымен таныстырып, кіші бизнес құрастыру туралы ақпарат пен кеңестер беріп, сұрақтарға жауап берді.

Дөңгелек үстелде ФжСФ және экономикалық факультеттің оқытушылары : әлеум.ғ.д., профессор Кылышбаева Б.Н., PhD докторы Бурханова Д., экон.ғ.к., аға оқытушы Ережепова А. А., қатысты. Алғы сөзбен профессор Биекенов К.У., шықты. Ол жауапты бизнеске әлеуметтік анализ берді. 

Басылым күні :  08.12.2015