Қазақ хандығының 550 жылдығына Ілияс Есенберлиннің “Көшпенділер” атты еңбегін талқылауға арналған дөңгелек үстел.

         Еліміздің беделді оқу орындарының бірі әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің студенттерге арналған “ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап” атты жобасының негізінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасы Қоры орталығында Қазақ хандығының 550 жылдық мерекесіне орайластыра отырып, Ілияс Есенберлинің “Көшпенділер” атты тарихи трилогиясын талқылауға байланысты ұйымдастырылған бас қосу өз деңгейінде керемет өтті. Бұл басқосудың жоғары деңгейде өтуіне толықтай жағдай туғызып отырған осы Елбасы Қорының степендияты ретінде мен жоғары баға беремін және зор алғысымды білдіремін. Осы басқосуда Қазақ хандығының 550 жылдық мерекесін ұлықтау мақсатында арнайы тарихи видеоролик арқылы арнайы шолу жасалынды және тақырыпқа қатысты студенттер өз ойларын ортаға салды. Негізгі тақырыпты ашу мақсатында Ілияс Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығын толықтай бейне-көрнекілік арқылы ашуға тырыстық. Жалпы, бүгінгі бас қосу барлық студенттерге ойларын ортаға салып, мерейлі мерекені бір ұлықтауға толықтай мүмкіндік берді. Осы кештің ұйымдастырылуына жағдай жасаған ҚазҰУ-дың Философия және Саясаттану факультетінің, Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының  оқытушысы Амитов Сұлтан және Әлеуметтік жұмыс мамандығының 3 және 4 курс студенттері ерекше белсенділік танытты және алғыс білдіреміз. Дөңгелек үстелдің жоғары дәрежеде өтуіне жағдай жасаған және барлық қажеттіліктермен қамтамасыз еткен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасы Қоры орталығына алғыс білдіреміз. Студенттерді қолдап, барлық мүмкіндіктерге жол ашқан Елбасы Қорының ұжымына табыс тілейміз! Болашақта біздің білімді де, білікті жастарымыз ерекше белсенділіктерімен және жетістіктерімізбен баршамызды қуанта берсін!

ҚазҰУ-дың Философия және Саясаттану факультетінің, Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының, Әлеуметтік жұмыс мамандығының 3 курс студенті Болат Жансая.

Басылым күні :  07.12.2015