Тәрбие сағаты: «Жыр алыбы - Жамбыл»

1 қараша күні Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының доценты Мамытқанов Дархан Қожанович және әлеуметтік жұмыс мамандығының 1 – курс докторанты Аубәкір Айсұлудың ұйымдастыруымен «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай «Жыр алыбы - Жамбыл» атты тақырыпта  2 – курс әлеуметтік жұмыс мамандығының студенттерімен ашық тәрбие сағаты өткізілді. Ашық тәрбие сағатының басты мақсаты: студенттерді ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл мұраттарын насихаттау. Ақын шығармалары арқылы ұлтжандылық сезімін оятып, адамгершілікке баулу, елінің өнерін сүюге тәрбиелеу. Студенттер ұлы тұлғаның ғибратты өмірі мен тағылымға толы шығармашылығына толықтай шолу жасады.

Басылым күні :  31.01.2022