«Жаһандану және оның салдарлары»

14.04.2021 жылы сабақ кестесі бойынша 11.00-де «Туризм» мамандығының 1 курс студенттерімен Әлеуметтану пәні бойынша «Жаһандану және оның салдарлары» атты онлайн семинарды «Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс» кафедрасының профессоры, әлеуметтану ғылымдарының докторы Абдикерова   Гульнапис Оринбасаровна мен «Әлеуметтану» мамандығының     1 курс докторанты Т.Б. Тауекелова бірлесе отырып, жүргізді. Студенттердің креативті ойлары мен   ораторлық шеберліктері аталған тақырыпты өте жақсы меңгергендіктерін көрсете отырып, жаһанданудың жағымды және жағымсыз жақтарын талдаумен қатар, жаһанданудың қозғаушы күштері мен осы ғаламдық процестің түрлі салдарын ашып берді. Семинар   жоғары мектепке тән деңгейде жүргізілді.

Басылым күні :  28.04.2021