«Фольклорлық шығармалардағы этнонимдер мен антропонимдер»
2014 жылдың 4 желтоқсанында №17 студенттер үйінің оқу залында «Фольклорлық шығармалардағы этнонимдер мен антропонимдер» атты «Алпамыс батыр», «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» дастандары негізінде мәлімдемелер мен атаулардың шығу тарихы жөнінде жиын өтті. Жиын клуб мүшелерінің ұйымдастыруымен өтті. Осы жиынның негізгі алдына қойған мақсат, міндеттері бойынша баяндаманы 3 курс студенті М. Мұхаметкерім мен А. Қуанышева жасады. Жиынның ерекшелігі қатысушы клуб мүшелерінің бір кісідей атсалысуында, викториналық сұрақтар, «білімпаз», «ізденімпаз» мүшелерді таңдауы арқылы өтті.
Ұйымдастырушылар – клуб жетекшілері: филол.ғ.д., профессор Г.Б. Мәдиева, филол.ғ.к., доцент П.Т. Медетбекова және «Қазақ филологиясы» мамандығының 3 курс студенттер.