Хабарландыру. Математика пәні бойынша олимпиада.

  Дифференциалдық теңдеулер және басқару теориясы кафедрасының ұйымдастыруымен 2017 жылдың 21 желтоқсан күні сағат 1600сары залда Қазақстан Республикасы білім беру саласының құрметті қызметкері, физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор В.Х. Нидің 90 жылдық мерейтойына арналған Математика пәні (Математикалық анализ, сызықты алгебра және дифференциалдық теңдеулер) бойынша олимпиада өтеді.

Олимпиадаға жоғары оқу орынының 2, 3 және 4 курс студенттері қатыса алады.

Жүлделі орын алған студенттерге диплом және сыйлықтар табыс етіледі.

Басылым күні :  07.12.2017