1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні

25 қарашада сағ. 16.15-те Ақпараттық жүйелер кафедрасының 2 курс АЖ-1910 тобы студенттерінің қатысуымен «1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» тақырыбында онлайн кураторлық сағат өткізілді. Кураторлық сағатты тәлімгер ретінде, 1 курс докторанты Байшолан Назерке топ кураторы, доцент Баймулдина Назира Сахимжанқызының қатысуымен  өткізді.

Бұл іс-шара студенттерге Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қазіргі заманның көрнекті саясаткері ретіндегі ерен қызметі туралы білімдерін кеңейтуге арналды.

Студенттер арасында Мурзабекова Аружан, Куанова Айсұлу, Махаматжанов Севдиор, Маханбетов Жолдас, Джумагалиева Багдат, Кадралина Аружан, Дауренбеков Расул, Кушкаров Суннатали, Аблайхан Нурулла белсенділік танытып, олар Тұңғыш Президентіміздің еліміздің даму жолындағы қажырлы еңбектерін атап, талқылауға ат салысты.

Бұл кураторлық сағат студенттер үшін Тұңғыш Президенттің Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуындағы рөлі туралы көзқарастарын қалыптастыруға зор ықпал етті.

Басылым күні :  11.01.2021