Корея апталығы

2020 жылдың 27 - 31 қаңтар күндерінің аралығында Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының «Халықаралық достық клубы» куратор-эдвайзерлермен бірге «Корея елі күндері» апталығы ұйымдастырды. Апта барысында «Корея музыка өнері» атты дөңгелек үстел, Корея көркем-суреті туралы фильмді тамашалау және «Таңғы балғындық елі» атты ашық кураторлық сағаты өткізілді. Шара ЖОО дейінгі білім беру факультетінде оқитын шетелдік студенттерге арналды.

Басылым күні :  04.02.2020