Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Конфуций Институтының 10 жылдық мерейтойы

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Конфуций Институтының 10 жылдық мерейтойымен құттықтады. 2019 жылдың 28 қыркүйегінде кафедра куратор-эдвайзерлерінің жетекшілігімен шетел студенттері, факультет басшылығы мерекелік іс-шараға қатысты. Аталған іс-шараға ҚХР дипломатиялық корпусының өкілдері, сондай-ақ ҚазҰУ-дың бірінші проректоры М.М.Бүркітбаев қатысқан.

Басылым күні :  28.10.2019