«Адам және әлем» жастардың жыл сайын болатын әдеби шығармашылық байқауы

«Адам және әлем»

жастардың жыл сайын болатын

әдеби шығармашылық байқауы

 (Қазақстанның Халық жазушысы Ә.Нұршайықов атындағы стипендия тапсыру үшін) 

 

Қазақстан студенттері мен жоғарғы сынып оқушылары арасында жыл сайын болатын көркем шығармашылық жұмыстар бойынша байқау жарияланады.

Байқауға қабылданатын шығармашылық жұмыстар: 

  1.  Прозалық көркем шығармалар (әңгімелер).
  2. Өлеңдер.
  3. Көркем публицистикалық шығармалар (очерк, эссе).

Тақырыптар: еркін.

Байқауға бір қатысушы бірнеше жұмыс тапсыра алады, бірақ әр қатысушы жұмысының   жалпы көлемі 4 беттен аспауы тиіс. (Шрифт Times New Roman 14, жол арасы – 1,5,  жиегі 2*2*2*2).

Шығармаларды орыс және қазақ тілінде жазуға болады.

Байқауға қатысу үшін тапсырылатын материалдарды adai75@mail.ru  электронды поштаға  «Шығармашылық байқау» атауымен жіберуі тиіс.

Көркем шығармалармен бірге  автор туралы мәліметтер міндетті түрде төмендегідей тәртіппен берілуі тиіс:

  1. Аты-жөні;
  2. Туған жыл, айы, күні;
  3. Мекенжайы, телефоны, электронды поштасы;
  4. Оқу орнының атауы (ЖОО, колледж, мектеп).

Ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасының құрамына әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО дейінгі білім беру факультетінің алдыңғы қатарлы профессорлары мен біліктілігі жоғары оқытушылары  қатыстырылады. 

Ұйымдастыру комитеті материалдарды 2016 жылдың 1 қазаны мен 1 желтоқсаны аралығында қабылдайды. 

Жүлделі орындарды иеленген  жеңімпаздарға Халық жазушысы Ә. Нұршайықов атындағы стипендия тапсырылады.

            Ұйымдастыру комитеті 6 жүлделі орын  белгілеп отыр. (3 – қазақ тіліндегі шығарма, 3 – орыс тіліндегі шығарма)

Жеңімпаздарға  сыйақының салтанатты түрде тапсырылуы  2016 жылдың желтоқсан айының  екінші жартысында ҚР Ұлттық кітапханасында өтеді. Мекенжайы: Алматы қаласы. Абай даңғылы 14.

            Басқа қалалар қатысушыларының шығармалары   жүлде иеленген жағдайда     стипендиясын банк карточкасы арқылы ала алады.

Ең үздік деп танылған шығармалар жазушының http://www.nurshaihov.kz  жеке сайтында жарияланады. 

Сіздердің шығармашылық жұмыстарыңызды  күтеміз!

 

Байқауды ұйымдастыру комитеті.

Басылым күні :  24.10.2016