«Бакалавриатты аяқтаған химик-технологқа деген менің көзқарасым»

17-ақпан күні №13 студенттер үйінде химия және химиялық технология факультетінің 1, 2, 3 курс студенттеріне арналған «Бакалавриатты аяқтаған химик-технологқа деген менің көзқарасым» атты кеш өтті. Кешті өткізуге органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы мен химиялық технология кафедрасының мұғалімдер Умбетова А.К., Литвиненко Ю.А., Чопабаева Н.Н., Султанова Н.А., Ескалиева Б.К., Халменова З.Б., Бурашева Г.Ш. және ОЗХТ-404,406 топтары ат салысты.

         Бұл кеште жоғарғы курс студенттері төменгі курс студенттерімен 4 жыл бойына жинаған тәжірибелерімен бөлісті. Кеш барысында студенттердің дайындаған презентациясы көрсетілді. Ол презентация бойынша алдымен кафедра тарихымен таныстырылды, құрылу уақыты және басқарған оқытушылар жайында айтылды. Әрі қарай жоғары курс студенттері өздері өткен өндірістік практика жайында және сол практикада алған білімдері жайлы сөз қозғады. Кеш соңында студенттердің мен мұғалімдерге қойған сұрақтарына жауап берумен аяқталды.

Басылым күні :  20.02.2015