Әлеуметтік-тәрбие қызметі

Органикалық заттар, табиғи қосылыстар мен полимерлер химиясы және технологиясы кафедрасының Ашық есік күні

2020 жылдың 3 наурызында органикалық заттар, табиғи қосылыстар мен полимерлер химиясы және технологиясы кафедрасы 5В060600 – Химия, 5В072100 - ХТ және 6B07201 – фармацевтикалық өндіріс технологиясы мамандықтарының 1 курс студенттері арасында "кафедраның ашық есік күні" атты іс-шара өткізді.

18.02.2020 органикалық заттар, табиғи қосылыстар мен полимерлер химиясы және технологиясы кафедрасы "Туберкулез және жыныстық жолмен берілетін жұқпалы аурулар" тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізді. Кездесуге С. Асфендияров  атындағы мемлекеттік университетінің м.ғ.к., доценттер Умешова К. А, Джумабекова А. Т. және осы университеттің және Қазақстан-Ресей медициналық университетінің студенттері шақырылды. 

 Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде 12-13 ақпанда «Білім беруді цифрландырудағы әл-Фарабидің педагогикалық тұжырымдамасының заманауи интерпретациясы» тақырыбында халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өтті. Ұлы ұстаз әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған ғылыми-әдістемелік конференция білім беруді цифрландыру жағдайында жоғары мектеп педагогының құзыреттілігін жетілдіру бойынша тәжірибе алмасуды қарастырды.

02.05. 2018 жылы «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша студенттерді оқыту үдерісінде коллоквиумдарды өткізудің мақсаты мен формалары бойынша ашық кураторлық сағат өткізілді

«ОЗХТ мамандығының студенттеріне жеке білім беру траекториясымен таныстыру» тақырыбындағы іс-шара 

«ОЗХТ» мамандығының 2 курс студенттеріне ағылшын тілі бойынша «Органикалық химия, Табиғи қосылыстар химиясы және полимерлер химиясы мен технологиясы» кафедрасының негізгі және элективті пәндерін таныстыру

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Айналанди Нұрландыр» жобасы шеңберінде «Қазақстан Республикасының оңтүстік аймағындағы Органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы және технологиясы кафедрасының тәжірибесімен танысу» 2017 жыл 7 қараша

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Айналанди Нұрландыр» жобасы шеңберінде «Қазақстан Республикасының оңтүстік аймағындағы Органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы және технологиясы кафедрасының тәжірибесімен танысу» 2017 жылғы 14 қараша

Органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы және технологиясы кафедрасында «Малайзия университеттерімен танысу» тақырыбында іс-шара өтті

«Малайзия университетінде 2 жыл МПҒЗЖ бойынша магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмысы туралы әсер» тақырыбында ашық кураторлық сағат

«Санкт-Петербург мемлекеттік технологиялық институтының материалдар мен заттардың химиясы» тақырыбында іс-шара

Жапония мен Пакистанда ғылыми-зерттеу жұмыстарындағы жүргізілген тәжірибе



«Студенттер мен магистранттардың көзқарастарыменТуркияның тұрмыс-тіршілігі»  Аль-Фараби атындағы ҚазҰУ жобасына қатысты тақырыбында 


Кешкі кеште «100 кітап» жобасының аясында, Даниэль Дефо шығармашылығы

Ахмедова Шолпан Серикбаевна, профессор, физика-математика ғылымдарының кандидаты, Петров академиясының ғылым және өнер қайраткері (514 ауд., Әл-Фараби атындағы КазНУ химия факультетінің)

2015-2016 оқу жылы барысында органикалық заттар, табиғи қосылыстардың химиясы мен технологиясы кафедрасы куратор-эдвайзерлер сондай-ақ кафедраның оқытушылары мен профессорлар қатысуымен кафедра және факультет  деңгейде 80-нен астам қоғамдық іс-шаралар откізілді, олардың бір-талайы төменде орналастырылған:

«Далалық пошта келгенде»

Кафедраның оқытушылық-профессорлық құрамы 2016 жылдың мамыр айының 5-і (бейсенбі) күні М.Ю. Лермонтов атындағы театрының кіші сахнасында халықаралық конкурстың лауреаты актриса және әнші Лариса Коротиченко қатысуымен ««Далалық пошта келгенде»» тақырыбындағы шығармашылық жобасын ұйымдастырды. Осындай атаумен «Отан қорғаушылар» және «Ұлы Жеңіс» күндері қарсаңында Алматы қаласындағы М.Ю. Лермонтов атындағы театр сахнасында актриса және әнші Лариса Коротиченконың жеке шығармашылық кеші өтті. Ол соғыс жылдарының әндерін орындады. «Ұлы Жеңіс» күніне арналған кеште әншіні Юлия Босс фортепианода және Владимир Степенко гитарада сүйемелдеді.

Жыл сайынғы «Табысқа бір қадам» жобасын ұйымдастыру және қатысу

Бұл шара 2016 жылдың 5 мамыр күні химия және химиялық технология факультеті аумағында және барлық университет қалашығы көлемінде өткізілді.

Қатысушыларға арнап «Органикалық станциясын» безендіру және викторина және тапсырмаларды дайындау. Презентация түрінде сұрақтар дайындалды. Қатысушы топтар уақытқа сұрақтар таңдады және жауап берді. Сонымен қатар, көмектер де болды. Егер, топтар берген жауап дұрыс болса келесі станцияға өту үшін кілттің бір бөлігі берілді.

Келесі топтар қатысты: (топ атауы; ұраны)

1 топ: Кристалл (9 адам)

Кристалдай тазамыз, жарқылдаймыз жанамыз.

2 топ: Намыс (9 адам)

Намысты қолдан бермейміз.

3 топ: Хищники (10 адам)

С хищниками не совладать, вам победы не видать№

4 топ: Болашақ (8 адам)

Болашақ тобы алда

Биіктерге самға.
   

Қазақстан корейлерінің ассоциациясы, Оңтістік корейлер ассоциациясы және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұйымдастыруымен өткен 5-ші спорт және мәдениет фестиваліне қатысу.

2016 жылдың 30 сәуір (сенбі) күні ҚазҰУ стадионында Қазақстан корейлерінің ассоциациясы, Оңтістік корейлер ассоциациясы және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұйымдастыруымен өткен 5-ші спорт және мәдениет фестиваліне ИИДМБ-2 (ГПИИР-2) 1 курс магистранттары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы мен технологиясы кафедрасының жетекшісі, профессоры Мун Грегорий және аға оқытушы Қалдыбеков Дәулеттің бастауымен қатысты.

Фестивальдің ұйымдастырушысы және демеушілері болып Корей Республикасының Қазақстан Республикасындағы бас консулдығы, Кореяның бейбітшілік және демократиялық бірлестігінің ақыл-кеңестік кеңесінің орталық-азиаттық секциясы, Қазақстандағы оңтүстік кореялық азаматтарының Ассоциациясы, Алматылық Корея ұлттық орталығы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және т.б. ат салысты. Осы ұйымдардың жетекшілері және өкілдері қатысушыларды құттықтап, спортшыларға жеңіс тілеп, қонақтарды шараға белсенді қатысуға шақырды.
 

 

Профессор Тохтарғазы Мубаракович Туреханов атындағы №504 аудиторияның ашылуы

2016 жылдың 29 сәуір күні химия және химиялық технология факультетінде «Профессор Тохтарғазы Мубаракович Турехановтың туылғанына 80 жыл толу» шарасы аясында факультет деңгейінде профессор Туреханов Т.М. құрметіне 504-ші атаулы лабораторияның ашылу салтанаты өткізілді.

Шара бағдарламасы:

  1. Химия және химиялық технология факультетінің деканы, х.ғ.д., профессор Е.Қ. Оңғарбаевқа сөз беру;
  2. Органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы мен технологиясы кафедрасының жетекшісі, профессоры Г.А. Мунға сөз беру;
  3. Профессор Туреханов Т.М. химия ғылымына жасаған ғылыми еңбегі туралы сөзді ОЗХТ мамандығының 3 курс студенттеріне беру;
  4. Қызы Даурия Турехановаға сөз беру.

Профессор Туреханов Тохтарғазы Мубаракович туралы ақынның келесі сөздерімен айтуға болады:

Мен-қазақпын- мың өліп,мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тілімен

Жылаганда жүрегім, күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген

Атаулы лабораторияның ашылу салтанатында профессор Туреханов Т.М. жақсы таныған, көрнекті ғалымдар – химиктер қатысты: т.ғ.д., профессор Наурызбаев М.К., х.ғ.д., профессор Тажибаева С.М., х.ғ.д., профессор Омарова К., х.ғ.д., профессор Қоқанбаев Ә.Қ., х.ғ.д., профессор Мусабеков К.Б., х.ғ.д., профессор Ержанов К.Б., х.ғ.к., доцент Қаржаубаева Р.Г., х.ғ.к., доцент Токсеитов Х.К. және кафедра меңгерушісі Г.А. Мун бастаған органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы мен технологиясы кафедрасының барлық оқытушылары және т.б. қатысты.
 

 

Айналаңды нұрландыр» жобасы аясындағы жүмыс берушілер қатысуымен факультеттік деңгейде «Студенттердің ғылыми дүниетанымын және интеллектуалды потенциалын арттыру» тақырыбындағы іс-шара – дөңгелек үстел

2016 жылдың 25 сәуір күні «Айналағды нұрландыр» жобасы аясында органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы мен технологиясы кафедрасында оқытушылық-профессорлық құрамы және кафедраның ғылыми үйірмесі «Органик» қатысуымен «Студенттердің ғылыми дүниетанымын және интеллектуалды потенциалын арттыру» тақырыбындағы іс-шара – дөңгелек үстел сағат 10.00-де профессор Ахмедова Ш.С. атындағы атаулы аудиториясында өтті.

Қонақ ретінде ТОО « «АВРОРА» өндірістік кешенінің» өкілдері шақырылды – сапаны бақылау және ғылыми зерттеулер бөлімінің бастығы Қасымқанова Ляззат Саветовна, сараптау бөлімінің меңгерушісі Захарова Татьяна Борисовна және Белоруссиядан келген химик-технолог. Шараға факультет деканының оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Есқалиева Балақыз Қымызғалиқызы, органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы мен технологиясы кафедрасының оқытушылары: Халменова З.Б., Литвиненко Ю.А., Мамутова А.А. Жумагалиева Ш.Н., Женис Ж., Кайралапова Г.Ж., Умбетова А.К., Иминова Р.С., Чопабаева Н.Н., Турмуханова М.Ж.; аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасының оқытушылары: Адильбекова А.О., Есимова О.А., Артыкова Д.М. қонақ ретінде шақырылды және қатысты.

 

 

 

«Турген сарқырамасына саяхат» тақырыбындағы танымдық саяхат

2016 жылдың 24 сәуір күні кафедраның бекіткен жоспары бойынша және профессионалды-бағдарлық және тәрбие ісі бойынша «Айналаңды нұрландыр» және «Салауатты өмір салты» жобалары аясында химия және химиялық технология факультетінің 4 курс студенттерімен «Турген сарқырамасына саяхат» тақырыбындағы танымдық саяхат өткізілді.

Кешке факультеттің 2-ші және 3-ші курс студенттері еліміздің әдемі табиғатымен таныстыру мақсатында шақырылды. Студенттер табиғатымыздың сұлулығына тәнті болды.

Студенттер ойындар ұйымдастырып, ойын соңында жеңімпаз студенттер мен кафедра оқытушылары дипломдармен марапатталды. Факультетіміздің студенттерінің айтуы бойынша олар естен кетпес күн өткізген, жақсы дем алып, энергия және жаңа күштер жинаған.

Айта кетерлік жағдай, мұндай мәдени шара жалпы топтық рухты көтеруге, табиғатқа деген махаббатты және патриоттық сезімді күшейту үшін пайдалы болды

 

 

«Пептидтер тарихы және олардың біздің өміріміздегі рөлі» тақырыбында семинар

2016 жылдық 21 сәуір (бейсенбі) күні сағат 18.00-де Достастық үйінде (Құрманғазы к., 40, 34 аудитория мекен-жайында) НТО «КАХАК» және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы мен технологиясы кафедрасы бірлесуімен «Пептидтер тарихы және олардың біздің өміріміздегі рөлі» тақырыбында семинар өтті.

Баяндамашы: м.ғ.к. Гончаров Евгений Витальевич, «Пептидтер» ғылыми-өндірістік ревитализация және денсаулық орталығы.

«Ревитализаия және денсаулық ғылыми-өндірістік орталығы» (НПЦРИЗ) компаниясы популяризация, пептидтік инновациялық дәрілерді, халықтың ерте қартаюға күресіне көмектесетін және активті ұзақ өмір сүруге жәрдемдесетін дәрмектерді өңдеу және дамыту қызметі болып табылатын Санкт-Петербургктік биорегуляция және геронтология институтының Ресейдегі жалғыз ресми өкілі.

Қартаю немесе ауру салдарынан айырылған табиғи қызметін организмге қайтаруды негізге алған ревитализация тақырыбын бірнеше жыл бойына дамытушы бұл компания 2010 жылы мүдделес адамдар тобымен ашылды. Қазірде бұл компанияның өнімдері қатарында халықаралық стандарттарды (ISO, GMP) сақтап дайындалған 100 аса өнім атауы бар және бұл тауарлар дүниежүзілік нарықта баламаларға ие емес. Дәл осы себепті, бұл компания Еуропадағы, ТМД елдеріндегі, АҚШ және Канада елдеріндегі серіктестеріне қызықты.

М.ғ.д., профессор В.Х. Хавинсон бастаған Санкт-Петербург биорегуляция және геронтология институты компанияның басты стратегиялық әріптесі болып табылады. Институттың жеке зерттеуінің нәтижесінде, жануарлар органдарынан және тінінен төмен молекулалы пептид фракциясын бөлудің абсолютті жаңа жоғары эффективті технологиясы НПЦРИЗ үшін арнайы биорегуляторлардың жаңа класы – пептидтік препараттарды жасап шығаруға мүмкіндік берді
   

«Поэзия өмірімізде» шарасын өткізу

18.04.2016 ж күні ИИДМБ-2 (ГПИИР-2) бағдарламасының БЗХТ мамандығының 1 курс магистранттары арасында «100 кітап» бағдарламасы аясында «Поэзия өмірімізде» атты тәрбиелік іс шара өткізілді.

 Стихи не пишутся – случаются,

Как чувства или как закат.

Душа – слепая соучастница.

Не написал – случилось так.

Андрей Андреевич Вознесенскийдің бұл өлең жолдары осы «Поэзия өмірімізде» тақырыбындағы шараның эпиграфы болып алынды. Жақсы өлеңдер сырға толы. Өлең жолдары болмаса, әрине, ештеңе де болмас еді. Әлем өлеңсіз қирап қалмаса да, кедейлене түседі, рухани жағынан жабырқаңқы болар еді. Кей кездері, поэзия үнемі бізбен бірге екенін де байқамай да қаламыз

 

 

 

«Оқушыларға арналған ашық есік күні»

18 сәуір күні сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін химия және химиялық технология факультетінің бағдарлық жұмыстары негізінде органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы мен технологиясы кафедрасында орта білім беру ұйымдары оқушылары үшін ашық есік күні өткізілді.

Ұйымдастырушы: органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы мен технологиясы кафедрасы. Жауапты: Иминова Р.С., Уркинбаева П.И.
 

 

«Грин кампус» бағдарламасы аясында кафедраны жасылдандыру жұмыстарын жүргізу

Органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы мен технологиясы кафедрасында 14 сәуір күні сағат 12.30-да дәлізде және оқытушылардың кабинетінде (525 ауд.) «Грин кампус» бағдарламасы аясында кафедраны жасылдандыру жұмыстары жүргізілді. Жаңа гүлдер егіліп, дәліздегі және 525-ші оқытушылар кабинетіндегі гүлдердің топырағы жаңартылды.
Сенбілік. 14 сәуір 2016

 

 

«Оперейшн Мерси» қоғамдық қорының тренинг-кеңесшісі, психолог Ильясова К.Б. бірге ЖҚТБ/АҚТҚ профилактикасы бойынша семинар тренинг

6 сәуір күні сағат 14.30-да 516 аудиторияда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Салауатты өмір салты» бағдарламасы аясында «Салауатты өмір салтына және спортқа ұмтылысты қалыптастыру» тақырыбында «Оперейшн Мерси» қоғамдық қорының тренинг-кеңесшісі, психолог Ильясова К.Б. қатысуымен ЖҚТБ/АҚТҚ профилактикасы бойынша семинар тренинг өткізілді. Іс-шара жоспары бойынша семинар-тренинг ойын және рольдер бойынша жүргізілді, психолог Ильясова К.Б. ЖҚТБ/АҚТҚ профилактикасының қазіргі жағдайы және негізгі мәселелері туралы ақпаратты өте қызықты етіп жеткізіп, организм иммунитетінің төмендеуі, вирустардың әсерін тез қабылдаудың негізгі себептеріне нақты тоқталып, ауырған кезде бірге жүретін қарапайым тұмау секілді аурулардан бастап ЖҚТБ күшейген деңгейі және туберкулез секілді аурулар туралы нақты деректер келтірді. Психологтың ақпаратты жеткізуде ойын түріндегі жүргізген сұхбаты қатысушы студенттерді қызықтырып, студенттер сұрақтарға белсенді жауап беріп, өз ойларын және ғаламдық мәселе туралы пікірлерін айтып отырды. Семинар қатысушылары ретінде «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының қазақ бөлімінің 3-4 курс студенттері (2 топ) және ИИДМБ-2 (ГПИИР-2) БЗХТ мамандығының 1 курс магистранттары (2 топ) шақырылды.
   

«Есенин С.А. поэзиясы» ашық куратор сағаты

Органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы мен технологиясы кафедрасының ашық куратор сағаттарының бекітілген кестесі бойынша 2015-2016 оқу жылының 2016 жыл 5 сәуір күні «100 кітап» жобасы аясында «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының 2 курс студенттерімен «Есенин С.А. поэзиясы» тақырыбында ашық куратор сағаты өткізілді.

Қатысты: х.ғ.к., аға оқытушы Иминова Р.С. және х.ғ.к., и.о. доцент Умбетова А.К.

Куратор сағаты келесі жоспар бойынша құрылды:

  1. Сергей Есениннің биографиясы (қысқа очерк)
  2. Оның шығармаларының тематикасы
  3. Бір өлеңін оқу

Нуртазина Наргиз Сергей Александрович Есениннің өмірі туралы презентация көрсетіп, қорғады, яғни, оның балалық шағы, жастық шағы және ересек өмірі туралы айтылды. Сонымен қатар, оның шығармаларының библиографиясы туралы тыңдалды.

Кейін әрбір студент С.А. Есениннің өзіне ұнайтын өлеңдерін оқып берді.

 

 

 

«Медицинадағы гендерлік инновация»

2016 жылдық 24 наурыз (бейсенбі) күні Достастық үйінде (Құрманғазы к., 40, 34 аудитория мекен-жайында) өтті. Гендерлік зерттеулер – әлем ғылымының әрі қарайғы дамуымен байланыстыратын ғылыми қызметтің жақсы дамып келе жатқан аймағы. Биологиялық жыныс немесе секс – бұл жыныстық мүшелерді, сексуалды қажеттіліктерді, ұрпақ жалғастырудан тұратын физиологиялық жыныстық айырмашылықтың жиынтығы. Гендер – тасымлаудауыштарға байланысты белгілі бір әлеуметтік нормаларды және тәртіптерді қоғам мүшелерінің орындауын қарастыратын әлеуметтік жыныс.

 

 

Марат Омаровтың «Өзіңді өзің басып оз» мастер-классы

2016 жылдың 10 наурыз күні органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы мен технологиясы кафедрасының қолдауымен және "Creative Generation" студенттік ұйымымен бірге Марат Омаровтың «Өзіңді өзің басып оз» мастер-классы қалалық деңгейде өткізілді.

Қатысты: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және де Алматы қаласының басқа да жоғары оқу орындарының студенттері

Марат Омаров – Қазақстандағы Вена балының және басқа да аты шулы компаниялар мен жобалар негізін қалаушы.

Бұл шараға кіру тегін болды, сондықтан да шараға 400-ден аса адам қатысты.

Студенттердің шара көңілінен шықты және олар осы шараны өткізгеніміз үшін алғысы шексіз екенін айтты.

 

 

Факультет деңгейінде «8 Наурыз» мерекесін тойлау

2016 жылдың 4 наурызында «8 наурыз» халықаралық әйелдер күніне орай «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында химия және химиялық технология факультетінің органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы мен технологиясы кафедрасы және белсенді студенттермен бірге Малахит залында факультет деңгейінде адамзаттың нәзік жартысына арналған «Әйелдер әлеміне саяхат» немесе «Әйел өмірі – ерлер қиялының қанат қағуы» тақырыбындағы мерекелік концерт ұйымдастырылып өткізілді.

Шараны ұйымдастыруға және сценарий дайындауына жауапты болған кафедра оқытушылары: Иминова Р.С., Қайралапова Г.Ж., Кеңесова З., Тумабаева А.М., Кипчакбаева А.К., сонымен қатар ОЗХТ (о/б) мамандығының 3 курс және бітіруші студенттері. Сценарий бойынша ән және би номерлерінен басқа әр кафедра ерлеріне тапсырмалар берілді: кафедра ерлерінің қатысуымен «Жас Леди», «Леди», «Бизнес Леди» тақырыптарында ерекше әрі әзілді қойылым дайындау (Ерлер қиялының қанат қағуы, толық қайта түрлену, бір күн, әйелдер өмірінен эпизод немесе уақиға ерлер көзімен және т.б.).

Шараға кафедраның барша ұжымы және факультеттің оқытушылық-профессорлық құрамының көп бөлігі қатысты. Факультет деканы Оңғарбаев Е.Қ. және кафедра меңгерушісі Мун Г.А. кешті ашып, химия факультеті ұжымының нәзік бөлігін мерекемен құттықтап шараны ашты. Әйелдерге сый ретінде Грегорий Алексеевич романс ән орындады. Кейін энергетикалық микс-ән «Флешмобқа» қойылған декан, деканның орынбасарлары, кафедра меңгерушілері қатысуымен би орындалды
   

Дөңгелек үстел

«  Адам денсаулығы - қоғам денсаулығы»

Кафедраның бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес және тәрбиелік мақсатта 2016 жылдың 25 ақпан айында №13 студенттер үйінде «Адам денсаулығы қоғам денсаулығы» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті. Бұл шара «Салауатты өмір салты» бағдарламасы аясында өткізілді. Органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы мен технологиясы кафедрасының х.ғ.д., доцент Чопабаева Н.Н., т.ғ.к., доцент Халменова З.Б., х.ғ.к. Умбетова А.К., х.ғ.к. Литвиненко Ю.А. осы шараның ұйымдастырушысы болды. Химия және химиялық технология факультетінің 1 курс магистранттары дөңгелек үстелге қатысты.

Жастардың арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру дөңгелек үстелдің басты мақсаты болып табылды. Пікірталаста денсаулық сақтау мәселесін шешу жолдарының дамуы жақсы ғылыми көзқарастары, жеке адамның шығармашылығы дамуы, ұлттың дені сау генофондын қалыптастыру жағдайлары кеңінен талқыланды.
   

ҚР ҰҚК (КНБ) подполковнигі А.Д. Мусреповтің химия және химиялық технология факультеті магистранттарына арналған ашық дәрісі

2016 жылдың 24 ақпанында сағат 16.10-нан 17.40-қа дейін химия және химиялық технология факультетінің 517 аудиториясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттеріне құқықтық тәрбие беру және қоғамға қарсы шығатын тәртіптің алдын алу бағытындағы іс-шаралары аясында Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік комитетінің подполковнигі А.Д. Мусреповтің «Діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбындағы ашық дәрісі өтті.

Тыңдарман ретінде ИИДМБ-2 (ГПИИР-2) «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының 1 курс студентетрі шақырылды.
   

«Ғылым және Мен» шарасы

16 ақпан күні сағат 15.00-де 514 лабораториясында ОЗХТ мамандығы орыс бөлімінің 4 курс студенттерінің қатысуымен «Ғылым және Мен» ғылыми-танымдық есептік шарасы өткен болатын. Шара барысында ОЗХТ мамандығының бітіруші студенттерінің органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы мен технологиясы кафедрасының оқытушылық-профессорлық құрамының жетекшілігімен бүгінгі таңда кафедра лабораторияларында жасалып жатқан ғылыми зерттеу жұмыстары туралы 17 презентацияланған баяндамасын тыңдап, нәтижелерімен таныстық. Шараға қонақ ретінде кафедра меңгерушісінің оқу ісі жөніндегі орынбасары Литвиненко Ю.А., профессор Әбілов Ж.А., доценттер Турмуханова М.Ж., Халменова З.Б., аға оқытушылар Умбетова А.К., Қайралапова Г.Ж. және т.б. шақырылды. Ұйымдастырушы: органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы мен технологиясы кафедрасының х.ғ.к., аға оқытушысы Иминова Р.С., доцент Мамутова А.А.

«Өзін-өзі бағалауды күшейту» тақырыбындағы шара

Кафедраның бекітілген іс-шаралар жоспары бойынша және тәрбиелік мақсатта 2016 жылдың 26 ақпан күні сағат 20.00-де №13 студенттер үйінің АКТ залында «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Өзін-өзі бағалауды күшейту» тақырыбындағы семинар-тренингі өтті. Органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы мен технологиясы кафедрасының оқытушысы Агибаева Л.С., аға оқытушысы Нурпеисова Ж.А. шара ұйымдастырушылары болды.

Шараға студенттер үйінің тұрғыны болып табылатын ОЗХТ және БЗХТ мамандықтарының 2 және 3 курс студенттері қатысты. Семинар кезінде студенттермен адамның тұлға ретінде дамуындағы, соның ішінде, студенттердің өз ісінің маманы ретінде дамуындағы өз-өзіне баға беруінің маңыздылығы жөнінде сұхбат жүргізілді.

 
 

«Әке – асқар тау, ана – мөлдір бұлақ» тақырыбында кеш 

2016 жылдың 21-ақпанында, №13 Студенттер үйінде органикалық заттар, табиғи қосылыстар мен полимерлер химиясы және технологиясы кафедрасы «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Әке – асқар тау, ана – мөлдір бұлақ» тақырыбында кеш өткізді.

Кешке химия және химиялық технология факультетінің студенттері мен оқытушылары қатысты.

Кештің мақсаты: студенттерге адам өміріндегі ең асыл қазынаның бірі – ата-ана екенін жеткізу. Әке мен шешенің қадірін біліп, оларды өмір бойы аялап өту керектігін мысалдар келтіре отырып дәлелдеу.
   

«Салауатты өмір салты» және «Айналаңды нұрландыр» жобалары және кафедраның әлеуметтік-тәрбиелік жұмыстары аясындағы «Дені сау ұрпақ ел болашағы» тақырыбындағы интеллектуалды-танымдық ойыны

2016 жылдың 12 ақпан күні сағат 19.30-да №13 студенттер үйінің АКТ залында 1 курс магистранттарымен бірге «Салауатты өмір салты» және «Айналаңды нұрландыр» жобалары және кафедраның әлеуметтік-тәрбиелік жұмыстары аясындағы «Дені сау ұрпақ ел болашағы» тақырыбындағы интеллектуалды-танымдық ойыны 1 және 2 курс студенттер арасында өткізілді. Шараға 30 жуық студенттер ат салысып, ойынға 10 студент қатынасты. Ойын 4 кезеңнен тұрды, әр кезең спорт туралы тапсырмаларға сәйкес болды (тарихы, дамуы, Қазақстанның және басқа елдер чеспиондары, олимпиадалар). Ойын жүрісін кафедраның аға оқытугылары Иминова Р.С. және Қайралапова Г.Ж. бақылап отырды. Ойын барысында көрермен-студенттер өте жоғары белсенділік және қолдау танытып, соның нәтижесінде көрермендер арасында ойын ойнатылып, жеңімпаздар сыйлықтармен марапатталды. Конкурс соңында жеңімпаздар анықталып, біз алғысымызды жеткізіп, жеңімпаздарға сыйлықтар берілді және естелік суретке түстік. Жалпы шараға 40 жуық студенттер және органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы мен технологиясы кафедрасының ОЗХТ мамандығының 1 курс 5 магистранты қатысты.

 

 

 

Тоқтабаева Ә.Қ. «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының 304-305 тобының студенттерімен «Жастар СПИД(ЖИТС)ке қарсы» тақырыбына өткізілген ашық кураторлық сабақ

2015 жылдың 11 ақпанында органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы мен технологиясы кафедрасының доценті Тоқтабаева Ә.Қ. 217 аудиторияда сағат 14:15 –те «Жастар СПИД(ЖИТС)ке қарсы» тақырыбында ашық кураторлық сабақ өткізді. Кураторлық сабаққа студенттер мен оқытушылар қатысты.

Тоқтабаева А.Қ. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өздеріңізге белгілі еліміздің дамуының ұзақ мерзімді "Қазақстан -2030" стратегиясында халық денсаулығын сақтау бағдар қарастырғанын айтты және балалармен спидтің қандай жолдармен жұғатынын және алдын алу шараларын талқылады.

НТО «КАХАК» органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы мен технологиясы кафедрасымен бірлесе:

«Юницкийдің SkyWay құрылымдық технологиясы», Достастық үйінде 2016 жылдың 11 ақпаны (бейсенбі) күні

Ең экологиялық таза көлік

«Ең-ең» көлігін көптеген жылдар бойы Жапония, Қытай, АҚШ және Израильде ойлап табуға тырысып жатыр. Белоруссия әлемдік көлік астанасы атауын алуға үміткер. Белоруссия Республикасында ЭкоТехноПарк құрылысы жүруде – дүние жүзіндегі бірінші SkyWay инновациялық ағымды транспорттық орталығы. Ресей және белоруссия ғалымы Анатолий Юницкий дүние жүзіне ұсынғалы отырған экологиялық таза көлік альтернаитвасы көрсетілетін жер дәл осылай аталады. Ағымды көлік өзінің ерекше атауын рельстік-ағымды эстакадалы иннофациялық жолды құрылымына байланысты алды. Дәстүрлі теміржол рельсінен SkyWay ағымды рельсінің түр бойынша еш айырмашылығы жоқ Барлық иннофация – ішінде: мұндай рельс негізінде созылмалы ағын кернеуіндегі жоғары сапалы болат сымы жатыр. Ағынды бекіткен соң рельс қуысы цемент негізінде қататын массамен толтырылады.

 

Дөңгелек үстел – 2. «Органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы мен технологиясы кафедрасының тәжірибе базалары және олардың болашақ мамандықтармен байланысы»

Органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы мен технологиясы кафедрасының 2015-2016 оқу жылында оқытушы-профессорлық құрамы өткізуі тиіс бекітілген шаралар кестесіне сәйкес 2016 жылдың 9 ақпанында №13 студенттер үйінде «Органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы мен технологиясы кафедрасының тәжірибе базалары және олардың болашақ мамандықтармен байланысы» тақырыбында «5В072100 - ОЗХТ» және «5В060600 - Химия» мамандықтарының 1-3 курс студенттерімен дөңгелек үстел өткізілді.

Қатысты: х.ғ.к., и.о.доцент Умбетова А.К., х.ғ.д., доцент Чопабаева Н.Н., т.ғ.к., доцент Халменова З.Б.

Дөңгелек үстел барасында кафедраның оқытушы-профессорлық құрамының баяндамасы тыңдалды: «Мамандық бойынша білімді жаңарту кадрлық саясаттағы еңбек қызметінің негізгі принципі болып табылады, сол себепті өндірістік модернизация «Органикалық заттардың химиялық технологияся (ОЗХТ)» мамандарына жаңа талаптар қойып отыр».

Дөңгелек үстел – 1. «Органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы мен технологиясы кафедрасының оқу үдерісіндегі өндірістік тәжірибе рөлі»

2016 жылдың 10 ақпан күні №13 студенттер үйінде «Органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы мен технологиясы кафедрасының оқу үдерісіндегі өндірістік тәжірибе рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Шараға органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы мен технологиясы кафедрасының оқытушылары: Халменова З.Б., Литвиненко Ю.А., Умбетова А.К., Чопабаева Н.Н. және ОЗХТ мамандығының 4 курс студенттері қатысты.

 

 

"Органика" үйірмесінің «Химия ғылымының зерттеу бағыты және студенттердің халықаралық конференсияларға қатысуы» тақырыбында дөңгелек үстел

Ақпан айының 9-ы күні №13-жатақхана АКТ залында сағат 19:30-да органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы мен технологиясы кафедрасының доценті, Ph.D м.а. Жеңіс Жанар химия және химиялық технология факультетінің студенттеріне «Химия ғылымының зерттеу бағыты және студенттердің халықаралық конференсияларға қатысуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Мақсаты – студенттермен химия ғылымының зерттеу бағыттарының түрлерін талқылау, зерттеудің жаңа салаларымен таныстыру, зерттеу жұмысының нәтижесін басылымдар мен конференцияларда таныстыруды үйрету.

 


 

 

   

«Ислам дінінің шығу тарихы» 

6 ақпан 2016 жылы сағат 1900 №13 студенттер үйінде органикалық химия, табиғи қосылыстар мен полимерлер химиясы кафедрасының аға оқытушысы, х.ғ.к О.Т.Төребековтың жетекшілігімен студенттер арасында «Ислам дінінің шығу тарихы» атты тақырыбы талқыланған болатын. Аталған тақырып келесі негізгі бағыттарда жүргізілді:

  1. Ислам дініне дейінгі адамзаттың халі;
  2. Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с) пайғамбарлық міндетінің жүктелуі, сонымен қатар Ислам дінінің келуі және ислам дінін насихаттауы;
  3. Қазақстан және Орта Азия халықтарының ислам дінін мойындап қабылдауы;

 

  

«100 кітап» жобасы аясындағы «Органикалық химия саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары» шарасы

«100 кітап» және «Айналаңды нұрландыр» жобалары аясында 2016 жылдың 4 ақпаны күні сағат 19.00-де №13 студенттер үйінің АКТ залында «Органикалық химия саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары» тақырыбындағы ғылыми-танымдық кездесуі өтті.

Ұйымдастырушылар: х.ғ.к., доцент Мамутова А.А., х.ғ.к., аға оқытушы Иминова Р.С. және органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы мен технологиясы кафедрасы.

Кездесу кезінде Нобель сыйлығының лауреаттарының тарихы туралы танымдық сұхбаты презентация, сұрақ-жауап және шағын ойын түрінде жүргізілді. Ғылымдағы жаңа ашылуларға студенттер үлкен қызығушылық танытып, шараға белсенді қатысты.


«Инженерлік білім беруді сапамен қамту жүйелері» аумағындағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушыларының біліктілігін арттыру жөніндегі халықаралық тренинг-семинары

2015 жылдың 12 желтоқсанында Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми кітапханасында университетіміздің ректоры Мұтанов Ғ.М. модератор болған «Инженерлік білім беруді сапамен қамту жүйелері: білім беру бағдарламаларының аккредитациясы және инженерлік кадрлердің сертификациясы» контекстіндегі инженерлік білім берудегі Орталық Азия қоғамының Халықаралық кеңесі өтті. Толық мәжілісте Испания, Португалия, Өзбекстан, Ресей инженерлік білім беру ассоциациясы, Тәжікстан, Қырғызстан және Қазақстан мемлекеттеріндегі QUEECA жобасының координаторларының және университет өкілдерінің баяндамалары тыңдалды.

Халықаралық кеңес бағдарламасы аясында 2 күн бойына Ресей инженерлік білім беру ассоциациясы президенті Похолков Ю.П. және KAZSEE Қазақстан инженерлік білім беру ассоциациясының вице-президенті Шайкенов Б.А. басшылығымен оқытушылардың біліктілігін арттыруға арналған «Инженерлік білім беруді сапамен қамту жүйелері» аумағындағы халықаралық тренинг-семинары өтті. Тренингте механико-математикалық, физико-техникалық, сонымен қатар, химия және химиялық технология факультетінің – профессор Тажибаева С.М., доцент Рыскалиева А.К., доцент Ашкеева Р.К., аға оқытушы Чопабаева Н.Н., аға оқытушы Иминова Р.С. және т.б. оқытушылар белсенді қатынасты.Тренинг семинар қатысушылары білім беру жүйесінің эксперттері рөлін атқарған эксперттік семинар түрінде өтті.
 

"Battle between chemists"

Құрметті студенттер мен оқытушылар! 

Cіздерді органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы мен технологиясы кафедрасының қолдауымен қараша айының 27-жұлдызында сағат 18:00 "Battle between chemists" атты 1-3 курстар арасында өтетін жарысқа шақырамыз!

 Өтетін уақыты және орны : 27.11.2015. 18:00 химия және химиялық технология факультетінің дәріс залы. 

ҰйымдастырушыларОрганикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы мен технологиясы кафедрасы және факультеттің студенттер кеңесі

2015 жыл қарашаның 25 күні органикалық химия, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы мен технологиясы кафедрасында “ 100 кітап ” бағдарламасы аясында Әзілхан Нұршайықовтың романы бойынша «Махаббат қызық мол жылдар» тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізіледі. Аудитория :  427       сағат : 11:35 – 12:25

Ұымдастырушылар : ғ.т.к. Халменова З.Б., ғ.х.к . Умбетова А.К., х.ғ.к. Литвиненко Ю.А., ғ.х.д . Чопабаева Н.Н.  

9 сәуір 2015 Қазақ ұлттық университетінің аумағында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті рухының беріктігін тәрбиелеу, студенттерді спортта тарту және зияткерлік қабілеттерін дамыту және командасының бірлігі мен жеңіске деген ерік шоғырландыру мақсатында екінші және үшінші курс студенттері «Жеңіске қалды бір қадам» деген жүгіру-марафон конкурсқа қатысты. Іс-шара «Aйналанды нұрландыр», «Салауатты тән» аясында өткен және физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасының, сондай-ақ Органикалық заттар, табиғи қосылыстар мен полимерлер химиясы және технологиясы кафедрасының қатысуымен ұйымдастырылды. Органикалық заттар, табиғи қосылыстар мен полимерлер химиясы және технологиясы кафедрасының вестибюльде, аға оқытушылар Қайралапова Г.Ж. және Иминова Р.С. «Органикалық станциясы» ұйымдастырды. Станциякелесі болмелерден тұрды: 1) әрбір командамен кездесу; 2) басқа станциялардан «Сезам Кілттің» жиналған бөліктерін тексеру; 3) бірауыздан айтылған командасының атауы және ұраны, келген кафедраның толық атауы ; 4) органикалық тізбектерінің шешу, видео сұрақтарға және логикалықтапсырманың жауап беру; 5) «Сезам кілтінің» бір бөлігін устату және кезекті станцияға жіберу. Тартылған әдетте 11 станциялары 9 команда (топтар) болды.

Соңында, факультетінің деканы Онгарбаев Е.К.және  деканы орынбасары  Есқалиева Б.К бәсекелестік қатысушыларды, жеңімпаздарды және шара ұйымдастырушыларды дипломдарымен . марапатталды     

8 сәуір күні сағат 14:30-да химия және химиялық технология факультетінде 514-аудиторияда «Дені саудың – жаны сау» жобасы аясында ЖҚТБ/АҚТҚ профилактикасы бойынша тренинг-семинар өткізілді. Осы семинарды откізу үшін және ЖҚТБ/АҚТҚ туралы толық ақпаратқа ие болу мақсатында «Оперейшн Мерси» қоғамдық фондынан дәріскер-консультант, және психолог Ильясова Кульмес Баймуратовнаны шақырылды.Ісөшараның жоспар бойынша ЖҚТБ/АҚТҚ профилактикасы туралы мағлұмат берілді; студенттер мен дәріскер арасында сұрақ-жауап түрінде сұхбат өткізілді; студенттерге кітапшалар мен брашюралар таратылды;шара қонағына алғыс хат ұсынылды. Ұйымдастырушылар: Химия және химиялық технология факультетінің органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы мен технологиясы кафедрасының аға оқытушылары х.ғ.қ Иминова Р.С. және Қайралапова Г.Ж.
Кафедраның бекітілген жоспар бойынша 2 сәуір 2015 жылы сағат 11.00 5-ші қабат фойесінде патриоттық білім беруді дамыту үшін «Армысың, Наурыз әз» тақырыбында іс-шара өткізілді.

Кафедраның бекітілген жоспар бойынша 18 наурызда сағат 17.00 2015 жылы химия және химиялық технология факультетінің т516 аудиторияда тәрбие жұмыс мақсатында «Поле чудес» кеші конкурс өткізілді. Шараның ұйымдастырушылары: Органикалық заттар, табиғи қосылыстар мен полимерлер химиясы және технологиясы кафедрасының оқытушылары Умбетова А.К. Литвиненко Ю.А.

Кешке имия және химиялық технологиясы факультетінің барлық бакалавр 4 курстарының студенттері қатысты


13.02.15. жылы химия және химиялық технология факультетінің органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы мен технологиясы кафедрасының профессоры Г.Ш. Бурашева қатысуымен «100- кітап» шарасы аясында «Жылусыз – өмірде мән бар ма?» тақырыбында поэзия сағаты өткізілді.Бұл шараның студенттерді жылулыққа, махаббатқа, жақсылыққа, мейірімділікке шақырады. Шара аясында М.Шаханов, Ф.Оңғарсынова, А.Шамкенов және профессор Г.Ш. Бурашеваның жеке шығармашылығынан үзінділер оқылды:

«Жылылық – мейірбан жүздерде,

Жылылық – алақан табында.

Игі бір жақсылық іздерде,

Жылылық – домбыра жанында».

(Аманжол Шамкенов «Жылылық».)

Шара ұйымдастырған кафедра аға оқытушылары А.К. Умбетова,Ю.А. Литвиненко

мероприятие 

Мәдени-эстетикалық шара «Тіл – тіршілік айнасы», 01.10.2014

1998 жылы, біздің еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы мереке туралы Жарлыққа қол қойды - Қазақстан халықтарының тілдер күні. Бұл фестиваль жыл сайын 22 қыркүйекте өтеді, мейрам күніне арнап біздің еліміздің түрлі аймақтарында Қазақстан аумағында тұратын әр түрлі халықтардың тілі мен мәдениетінің дамуына байланысты іс-шаралар жүргізіледі. Осыған байланысты, химия және химиялық технология факультетінде, органикалық заттар, табиғи қосылыстар мен полимерлер химиясы және технологиясы кафедрасы 01.10.2014 «ТІЛ- ТІРШІЛІК АЙНАСЫ» шарасын өткізді.

«Балаларға қуаныш сыйла» атты №10 мектеп-интернатының оқушыларына арналған қайырымдылық акциясы, Алматы қаласы, 24.12.2014

Жоба «Айналаңды нұрландыр!» аясында 24желтоқсанда, 2014 ж. Алматы қаласының №10 мектеп-интернат оқушыларына арналған «Балаларға мереке сыйла» қайырымдылық іс-шара ұйымдастырылды. Жаңа жыл мерекесі өткізілді, оқушыларына сыйлықтар, ал мектеп-интернаттың қорына жиналған ақша (60,000 тг) берілді. Шараға Органикалық заттар, табиғи қосылыстар мен полимерлер химиясы және технологиясы кафедрасының оқытушылары мен магистранттары, Техникалық физика және жылуфизика, сондай-ақ Қаржы кафедралар ұйымдастырған болатын.

  

Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің фармокология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Г.М. Пичхадзенің «Күзгі-қысқы мезгілдегі вирустық және тұмау ауруларының профилактикасы» тақырыбындағы ашық лекциясы (22 қараша 2014 ж.)

«Салауатты өмір салты және спорт міндеттеме жасау» аясында Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің фармакология кафедрасының бастығы, профессор G.M.Pichhadze, «Күзгі-қысқы кезеңде суық және вирустық инфекциялардың алдын алу туралы» ашық дәріс откізді., (22 қараша 2014). Іс-шараның ұйымдастырушылары, проф. Музычкина Р. А. және Корулькин Д.Ю. 2014 жылың 18 қарашасында С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің балалар жұқпалы аурулары кафедрасының доценттері, доцент А.К. Қатарбаев, м.ғ.к. К.А. Өмешова, А.Т. Жұмабекова және Қазақ-Ресей медициналық университетінің 4 курс студенттерінің қатысуымен «Жыныстық жолдармен берілетін жұқпалы аурулар» тақырыбында қазақ тілінде шара өтті.

 

«Айналаңды нұрландыр» жобасының аясында 306 және 307 топ студенттерімен бірге ұйымдастырған «Қарттар үйіндегі» концерттік бағдарлама (22 қараша 2014 ж.) 

2014 жылдың 22 қарашасында «Айналаңды нұрландыр» жобасының . аясында 306 және 307 топ студенттерімен эдвайзер Жеңіс Жанар және аға оқытушы Р.С. Иминова «Қарттар үйінде» қайырымдылық іс-шарасын өткізді. Шараға 30 қарт адам қатысты. Студенттер концерттік бағдарлама қойды, бағдарламада әндер шырқалып, домбырамен күй ойналып, көңілді қойылымдар және билер қойылды. Концерттік бағдарламаның қарттарымызға қатты ұнағаны соншалық, бұл кісілер де бізбен бірге баян және домбырада ойнап, кейін бізбен бірге би биледі. Концерттік бағдарламаның соңында біздер қарттарымызға зор денсаулық тілеп тілегімізді айтып, сыйлықтарымызды беріп, естелікке суретке түстік. Бұл шараға 21 студент және «органикалық заттар, табиғи қосылыстар мен полимерлер химиясы және технологиясы» кафедрасының 30 оқытушысы қатысты.

 

2013-2014 оқу жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ үшін мерейтойлық жыл болғандықтан, кафедраның ұжымы және студенттері өте үлкен қызығушылықпен осы мерейтойға қатысты. ҚР Президентінің ҚазҰУ 80-жылдығы мерейтойлық іс-шаралары шеңберінде келуіне байланысты ұйымдастырылған іс-шараларға ат салысты. Сонымен қатар, факультет студенттері ҚР Тәуелсіздігі мерекесін, жаңа жылдық мереке, от шашу, Химиктер күні, көктемгі мерекелерде өте белсенді ат салысты.

Тәрбиелік жұмыстар ретінде факультетте студенттердің денсаулық қорғау органдарының өкілдерімен кездесулер өткізіледі, жыл бойына студенттердің ағымдағы үлгерімдері және сабаққа қатысу жүйелік түрде қадағалауда болады. Кафедраның кураторлары жүйелі түрде жатақханадағы студенттік өмірлерін тексеріп, қадағалап (тәртіп, құқық қорғау, тұрғындар арасындағы санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуы) отырады. Барлық оқу жылы бойына куратор-эдвайзерлер студенттермен театрлар, музейлер, кинотеатрлар , спорттық комплекстер, «Медеу» мұз айдыны, «Шарын» каньоны, «Түрген» сарқырамасына барады, тауға шығады, т.б. Сонымен қатар, тіркелу бойынша, сабаққа қатысу туралы, сабақ бойынша қарыздарды өтеу, практика базасы туралы ақпараттық куратор сағаттарын өткізеді.

Атап айтар болсақ, 2013-2014 оқу жылында кафедра факультет және кафедра көлемінде куратор-эдвайзерлер және олардың кураторлық топтары және профессорлық-оқытушылық құрамның қатысуымен 26 ашық іс-шара өткізді.

«Біз экстремизимге қарсымыз» (PhD- докторанттармен дайындалған шара; 30.11.2013 №10 мектеп-интернатында өткен қайырымдылық акциясы 16.04.2014 (Айналаңды нұрландыр), эдвайзер М.А. Дюсебаева мен 3-4 курс студентерінің ұйымдастыруымен 1 және 2 курс студенттері арасында өткен «Не? Қайда? Қашан?» интеллектуалдық ойыны 6.11.2013
Химия және химиялық технология факультететінің аймағын жасылдандыру – гүл отырғызу (Грин кампус) Мамыр 2014 Ар-намысым, қасіретім, мақтанышым - Желтоқсан (12.12.2013 факультет деңгейінде ) "Жұлдызды жұп" іс-шара (26.11.2013 факультет деңгейінде )

Ұлыстың ұлы күні – әз-НАУРЫЗ!!!» (19.03.2014, факультет деңгейінде)