«Түрік бітіг» танымдық дәрісі

29.01.2023

Көрулер: 587

 2023 жылдың 19-қаңтарында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Түркітану және тіл теориясы» кафедрасының ұйымдастыруымен рунолог Ерлан Еспенбетовтың «Түрік бітіг» танымдық дәрісі өтті. Дәріске факультет магистранттары, докторанттары мен профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Көне түркі руна жазуының тарихы мен әліпбиі, өзіндік ерекшелігі және түркі халықтарына ортақ құндылығы, ең бастысы, бүгінгі таңдағы өзектілігі сөз болды. Дәріс барысында көне түркі дәуіріндегі ескі әліпбидің консонанттық жүйеге құрылуына ерекше назар аударылды. Бүгінде түбі бір түркі елдеріне ортақ руна жазуын зерттеуге деген ғылыми қызығушылық жоғары. Отандық түркітану саласымен қатар, түркі елдеріндегі кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстары соның дәлелі. Осы бағытта Ерлан Еспенбетовтың өзіндік қызықты ой-тұжырымдары тыңдарман қауымға ой салды. Түркі руникалық жазуларын күнделікті өмірде қолданысқа енгізу жолдары мен әдіс-тәсілдері талқыланып (мысалы, жарнама мәтіндерінің тақырыптары ретінде), дәріске қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді. Мұндай дәрістердің жас ғалымдар мен оқытушылар үшін берері мол.