"Құтлығ қаған жазуы" тақырыбындағы дөңгелек үстел

03.09.2022

Көрулер: 565

- Бүгін біз түркітану ғылымы үшін айтулы құбылыстың куәсі болдық.
- Құтлық қаған жазуының табылуы - түркі жұрты үшін ғана емес, жалпы өркениетті адамзат қауымы үшін баға жетпес құндылық екенін мойындауымыз керек.
- Бүгін университетіміздің Әл-Фараби кітапханасында ректорымыздың арнайы шақыруымен келген экспедиция мүшелері Халықаралық Түркі академияның ғылыми қызметкері Н. Базылхан мен Моңғолия Ғылым академиясы Археология институтының жетекші, ғылыми қызметкері А. Энхтөр мырзалардың тастың табылу тарихы мен ондағы жазу жайлы мағлұматтарды өз ауыздарынан естіп, жаңа табылған көне жәдігерді салыстырмалы-салғастырмалы тарихи зерттеулер арқылы маңызын арттыру, идеялары мен жетістіктерін талқылау, текстологиялық жағынан жүйелеу – ендігі жерде ғалымдарымыздың мойнындағы жаңа міндеттердің бірі болатындығына көз жеткіздік.
- Шын мәнісінде бүгінгі өткізілген ғылыми дөңгелек үстел жаһандық түркі әлемін дүр сілкіндірген «ҚҰТЛЫҚ ҚАҒАН ЖАЗУЫ» – әлемдік ғылыми кеңістікте жоғары бағаланатын, зерделі зерттеулерге жол ашатын, ұрпақ игілігіне қызмет ететін, үлкен ғылыми мектептің желісін жалғастыратын, ғылыми сабақтастық орнататын – құнды мұраның болатындығын көрсетті.