Жаңалықтар

Жаңалықтар

25.04.2021

Биыл Қазақстан халқы Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтуде. Тәуелсіздік алғаннан кейін әлемдік қауымдастықтың беделді қатысушысы ретіндегі жас ел тарихының жаңа беттері басталды.Бұл – ұлттың рухын көтеретін, ұрпақтың мерейін өсіретін мәртебелі мейрам.Тәуелсіздік – мемлекеттігіміздің алтын діңгегі, дербестігіміздің берік негізі. Тарихы бай, тамыры терең Қазақ елі үшін бұдан асқан қастерлі құндылық жоқ.Оны ең қымбат қазынаға, ең асыл аманатқа балаймыз.Сондықтан бабалар аңсаған Тәуелсіздіктің қадірін жан-жүрегімізбен сезінеміз. Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз және ол бәрінен қымбат! Біздің міндетіміз – кейінгі ұрпаққа кемел және қуатты Қазақстанды аманаттау», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жас ұрпақтың патриоттық сезімін арттыру мақсатында Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық құрметіне әл-Фараби атындағы ҚазҰУ нің 1 курс студенттері #Тәуелсіздік30жыл атты атты челленджін бастап, Астана халықаралық университеті, Маханбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университеті,Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті 1 курс студенттері қабыл алып, өз кезегінде барша Қазақстандықдарға жолдады.

https://www.facebook.com/100012111006295/posts/1150115895402100/?d=n 

Ұйымдастырушылар:

Шет тілі кафедрасы оқытушылары- Мырзахмет М.Ж., Хасанова С.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтобе өңірлік университеті докторанты Сыдық Перизат Сәндібайқызы.

Ары қарай оқу >>

Ұлы даланың Ұлы баласы

23.04.2021

2020 жылдың 27 қараша күні халықаралық ынтымақтастық аясында энциклопедист-ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған «Ұлы даланың Ұлы баласы» атты әлеуметтік-тәрбиелік онлайн іс-шара өтілді. Бұл іс-шараның ұйымдастырушылары – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасы (Мәдиева Гүлмира Баянжанқызы басқаруымен), Ресей халықтар достығы университеті Шет тілдер институты және Стамбул университеті Әдебиет факультеті.

 

Осы жылы барлық ілгерінді әлемдік қауымдастық шығыстың ортағасырдағы ойшылы әл-Фарабидің 1150 жылдығын атап өтуде. Осындай мерейтой қарсаңында бізде ынтымағымыз жарасып, әлемнің екінші ұстазына арнап тәрбиелік іс-шара ұйымдастырдық.

 
 Орта ғасыр дәуірінің ұлы ойшылы, энциклопедист және философ, әлемдік ғылым мен өркениеттің дамуына баға жетпес үлес қосқан Әбу Насыр әл-Фарабидің рухани мұрасына деген тағзым мен құрметті білдіру үшін әртүрлі елдің жас ұрпақ өкілдерінің басын біріктіру өтілген іс-шараның басты мақсаты болды. Көзделген мақсат бекітілген міндеттер арқылы орындалды.
 
 

Тағылымы мол, рухани азық болатын мұрасы артында қалған Әбу Насыр әл-Фарабиге арналған тәрбиелік кеште өз тілек-ниеттерін білдірген тұлғалар: Ыстамбул университетінің профессоры Сапашев О.С., Ресей халықтар достығы университетінің Шет тілдер институты директорының халықаралық қызмет жөніндегі орынбасары Безрукова Наталья Яковлевна және жалпы тілі білімі және еуропа тілдері кафедрасының меңгерушісі Мәдиева Гүлмира Баянжановна. Ұйымдастырылған тәрбиелік іс-шара өте жоғары деңгейде өтілді. Қатысқан барлық студенттер, қонақтар және ұйымдастырушылар белсене атсалысып отырды.

Мәдиева Г.Б.

Мырзабекова Б.

Ары қарай оқу >>

Педагогтарға арналған Telegram

20.04.2021

ПЕДАГОГТАРҒА АРНАЛҒАН ТЕЛЕГРАМ: ОҚЫТУ ПРОЦЕСІН ҚАЛАЙ ЫҢҒАЙЛЫ ЖӘНЕ ҚЫЗЫҚТЫ ЕТУ КЕРЕК
14 сәуірде «Telegram-педагогика қазақстандық білім берудің цифрлық дамуындағы инновация ретінде» тақырыбында онлайн-воркшоп өткізілді. Воркшоп спикері Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың, филология факультетінің, жалпы тіл білімі және еуропа тілдер кафедрасының докторанты, аталған бағыттың авторы және оқытушылар құрамына арналған арнайы оқу курсының дамытушысы Санатбек Сейдеханов болды
Воркшоп барысында қатысушылар Telegram мессенджерін қолдана отырып, оқытудың жаңа жүйелік тәсілін сонымен қатар, осы жүйенің құралдары туралы шынайы кейстер мысалдарына негізделе отырып меңгерді. Воркшоп материалы іс-әрекеттің қадамдық алгоритмі форматында ұсынылды, нәтижесінде оқытушы өзінің телеграм-жобасын құрып, іске қосып, онымен жұмыс істей алады. Осы бағдарлама аясында телеграм-педагогиканы қосымша оқыту әдістемесі ретінде енгізуді жеңілдету мақсатында, профессорлық-оқытушылық құрамға арналған тренингтерді тұрақты түрде өткізу жоспарланып отыр.

Ары қарай оқу >>

"Ономастика-Қоғам-Уақыт" халықаралық конференциясы

20.04.2021

Жас ғалымдарды қолдау, ғылымға жастарды тарту мақсатында дәстүрлі жыл сайын өткізілетін «Ономастика – Қоғам – Уақыт» атты жас ғалымдардың VІІ Халықаралық ғылыми-танымдық конференциясы биыл да жоғарғы деңгейді өтті. Конференцияны Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Филология факультеті, Жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасы аясында құрылған «Жерұйық» ономастикалық өлкетану клубы 16 сәуір күні Zoom платформасында сағат 13.00-17.00 арасында ұйымдастырылды. Қатысушылардың саны да, географиялық кеңістігі де жыл өткен сайын ұлғаюда. Университеттің «Айналаңды нұрландыр», қаламыздың «Ақылды ұрпақ» және еліміздің «Рухани жаңғыру» бағдарламалары аясында арнайы ұйымдастырылған конференцияның биылғы саны Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30 жыл толуына орай өткізілді.Конференцияда бауырлас Түркия, Түркменстан елдері мен көршілес Ресей, Қытай елдерінен жас ғалымдар өз баяндамаларын жасады. Арнайы шақырылған қонақтар қатарында тіл білімінде іргелі зерттеулердің бастауында жүрген ғалымдар Рысберген Қыздархан Құрмашқызы (филология ғылымдарының докторы, ҚР БҒМ А.А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ономастика бөлімінің меңгерушісі) мен Сапашев Ораз Сапашұлы (филология ғылымдарының кандидаты, Ыстамбұл университеті Фараби атындағы Еуразия ғылыми зерттеулер орталығы, Стамбул, Түркия) болды. 

Ары қарай оқу >>

Халықаралық конференция "Фараби әлемі"

17.04.2021

2021 жылдың 7-сәуірі күні сағат 10.00 – 13.00 арасында «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясының «ЛИНГВИСТИКА» секциясының жұмысы жоғары деңгейінде өтті. Аталған секцияның жұмысына қатысушылардың басым бөлігін әл-Фараби атындағы Қаз ҰУ-дің филология факультетінің әртүрлі мамандықтарында оқитын студенттер мен магистранттар құрады. Секция жұмысы барысында жас ғалымдар лингвистика ғылымының түрлі салалары бойынша баяндама жасап, қазіргі қоғам өміріндегі лингвистикалық өзекті мәселелерді қызу талқылады. Мысалы, жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасының «Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығының І курс магистранты А. Набиеваның «The process of leаrning English by аdults in а trilinguаl situаtion in Kаzаkhstаn» баяндамасы Қазақстандағы тілдік саясатымен, тілдік жағдаятпен байланысты мәселелерін статистикалық мәліметтер арқылы зерттеуге арналған. Жалпы, лингвистиканың түрлі салалары бойынша ұсынылған барлық баяндамалар қатысушылардың белсенді талқылауына түсті. Бұл студенттер мен жас ғалымдардың ғылымға деген зор ынтасын көрсетеді.

Ары қарай оқу >>

Жаңалықтар

11.03.2021

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология факультетінің деканы, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Баян Өмірбекқызы Жолдасбекова мәдениетаралық диалогты, азаматтық бейбітшілік пен келісімді дамытуға, ұлттық мәдениеттер мен мемлекеттер арасындағы достық қатынастарды жақындастыруға және өзара байытуға қосқан үлесі үшін «Бірлік» алтын медалімен марапатталды. Марапаттау туралы бұйрыққа Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қол қойды.

"Қазақстан халқының бірлігі" медалі ("Бірлік") - Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары, бірлік пен тұрақтылықты нығайтудағы еңбегі үшін қазақстандық және шетелдік азаматтарды, ұйымдар мен кәсіпорындарды, азаматтық қоғам институттарын қоғамдық мойындау мен көтермелеудің жоғары белгісі.

Ары қарай оқу >>

Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл

04.03.2021

Абай – ақын, Абай – дана. Қазақтың ортақ мақтанышына айналған халқымыздың ұлы перзенті, ақын, философ, ғұлама Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай "Шетел тілі: екі шетел тілі" мамандығының 3 курс студенттері ашық сабағын жоғарғы деңгейде өткізді! Абай өз ғұмырының ақырына дейін қазақ балаларын оқуға, білім-ғылыммен айналысуға, рухани дамуға және әлемдік мәдениеттің құндылықтарын бойға жинауға шақырғанын білеміз. Дана ақын келер ұрпақты «жүрегімнің қуаты, перзенттерім» деп бағалайды. Айтылған сөз, жазылған жауһар ойлар бірінші кезекте қазіргі жастарға бағытталады. Жат мінез-құлықтан аулақ болудың нақты жолдарын меңзейді. Абай Құнанбаевтың мерейтойы халықаралық деңгейде, оның ішінде ЮНЕСКО шеңберінде атап өтілетін болады. Бұл-біздің еліміз үшін де, барша қазақстандықтар үшін де үлкен мақтаныш. Абай есімі жаңа Қазақстанның брендіне айналуы керек, сондықтан оның шығармаларын біздің елден тыс жерлерде де кеңінен насихаттау қажет.

Ары қарай оқу >>

Халық тілі - оның рухани өмірінің бояуы

20.02.2021

Қазіргі әлемде тілдер даму, білім беру, қарым-қатынас үшін өте маңызды және олар адамның жеке өмірін қамтамасыз ету үшін ғана емес, сонымен қатар мәдениетаралық диалогты қамтамасыз етеді, ынтымақтастықты нығайтуға, мәдени мұраны құруға және сақтауға көмектеседі. 2000 жылдан бастап жыл сайын тілдік және мәдени әртүрлілік пен көптілділікті көтермелеу мақсатында ЮНЕСКО жариялаған ана тілінің халықаралық күні атап өтіледі.
2021 жылғы 20 ақпанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің "Орыс тілі және мәдениеті" орталығының онлайн-алаңында "Халық тілі – оның рухани өмірінің бояуы" атты іс-шара өтті. Іс-шараға Қазақстан, Ресей, Венгрия, Өзбекстан, Түркіменстан өкілдері қатысты.
Іс-шараның қатысушылары мен қонақтарына Алматы қаласындағы Ресей Федерациясы Бас Консулдығының бас маманы Ольга Мощеева құттықтау сөз сөйлеп, іс-шараның маңыздылығын, оның біріктіруші және жасампаз сипатын атап өтті.
Кездесуге қатысушылардың әрқайсысы өз тілінің сұлулығын, өнерін және байлығын көрсетуге тырысты, қазақ, орыс, түрік, украин, венгр, дүнген және өзбек тілдерінде әндер мен өлеңдер айтылды.
Кездесуге қатысушыларға орыс орталығы басшысының орынбасары Намангана Азиза Мирзаназарова, қонақтарға өзбек тілін таныстырған өскемендік "Пушкин клубының" жетекшісі Зару Сағитжанова және Ақтау қаласындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің оқытушысы Айбек Арсланбаев, қазақ тілін таныстырған Католик университетінің доценті Петера Пазманя, Құралай Бұхарбаева сөз сөйлеп, венгр тілі туралы әңгімеледі.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті Зайра Мұқанова көптілді және көп мәдениетті қоғамдар дәстүрлі білім мен мәдениетті тұрақты негізде беретін және сақтайтын өз тілдерінің арқасында өмір сүретінін, ал жаһандану дәуірінде тілдер бейбіт өмір сүрудің біріктіруші факторы болып табылатынын атап өтті.
Соңғы сөзді дәстүр бойынша "Орыс тілі және мәдениеті" орталығының жетекшісі Жанна Уматова, Михаил Шолоховтың "Халықтың ең үлкен байлығын оның тілі қалыптастырады" деген сөзімен атап өтті.


Ары қарай оқу >>

Лингвистикалық семинар

06.02.2021

Ақпанның үшіне Жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д. Гүлмира Баянжанқызының жетекшілігімен 1-курс докторанттарына лингвистикалық семинар өтілді.  

Ары қарай оқу >>