Оқиғалар мен анонстар

ҚазҰУ-да І Республикалық Психологиялық Қысқы мектеп өтеді

13.01.2016

ҚазҰУ негізінде біліктілікті арттыру институты жоғары және орта білім беру саласында қызмет ететін мамандарға, магистранттарға, студенттерге І РеспубликалықПсихологиялық Қысқы мектеп атты дәрістер, тәжірибелі психологтардың семинарлары, ауызша презентациялар (талқылау, пікірсайыс, көрініс) және практикалық жаттығулар түрінде біліктілікті арттыру курстарын өткізеді.

Ары қарай оқу >>

Республикалық оқу-әдістемелік Кеңесінің кезекті мәжілісі өтеді

08.01.2016

2016 жылдың 14-15 қаңтарда ҚР 22 жоғары оқу орныларының проректорлары, шетелдік жоғары оқу орындарының өкілдері, ҚР Білім және ғылым министрлігі мен ҚР Денсаулық сақтау және Әлеуметтік даму министрлігінің өкілдері, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, "Kazenergy" мұнайгаз және энергетика кешені ұйымдары қазақстандық ассоциациясы және «Антиплагиат» компаниясының қатысуымен РОӘК ОӘБ (Республикалық оқу-әдістемелік Кеңесінің оқу-әдістемелік бірлестігінің) кезекті мәжілісі өтеді.

Ары қарай оқу >>

Сиань көлік университетінде техникалық және гуманитарлық мамандықтар бойынша Қытай үкіметі стипендиясына байқау басталды

30.12.2015

Құрметті магистранттар мен докторанттар!

Халықаралық ынтымақтастық департаменті Сиань көлік университетінде техникалық және гуманитарлық мамандықтар бойынша Қытай үкіметі стипендиясына байқау ашылғандығын хабарлайды.

Ары қарай оқу >>

«Өнегелі өмір» сериясымен жарық көрген академиктер Т.Б. Дарканбаев пен М.А. Айтхожиннің өмір жолына арналған кітаптардың тұсаукесер рәсіміне шақырамыз

28.12.2015

ҚазҰУ-дың «Қазақ университеті» баспасынан «Өнегелі өмір» сериясымен жарық көрген академиктер Т.Б. Дарканбаев пен М.А. Айтхожиннің өмір жолына арналған кітаптардың тұсаукесер рәсіміне шақырамыз.

Ары қарай оқу >>

«Autodesk Autocad 2015» курсын бітіруші түлектерге сертификаттарды табыстау рәсімін өтеді

24.12.2015

ҚазҰУ «Ғылыми-технологиялық паркі» «23Academy» компаниясы «Autodesk Autocad 2015» курсын бітіруші алғашқы түлектеріне сертификаттарды табыстау рәсімін өткізеді. Тындаушылар келесідей бағыттар бойынша марапатталады: жылу-, электр-, гидроэнергетика, сәулет және төмен ағымдағы желілер.

Ары қарай оқу >>

3D БАСУ КУРСЫНА қабылдау жарияланды

23.12.2015

3DVentures және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми технологиялық паркі архитектуралық пішіндеу мен прототиптеу тәсілдерін және CAD (бағдарлама-слайсерлер мен Autodesk бағдарламаларының кешені) автоматтандырылған жобалау жүйесін қолданумен 3D БАСУ КУРСЫНА қабылдау жариялайды.

Ары қарай оқу >>

«Химия ғылымының өндіріспен интеграциясы, инновация арқылы прогресске» атты үшінші семинар-конференциясына қатысуға шақырамыз

23.12.2015

2015 жылдың 24 желтоқсанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Ғылыми-технологиялық паркі» аумағында х.ғ.д., проф. Буркитбаев М.М. қолдауымен өтетін химия саласы бойынша өтетін «Химия ғылымының өндіріспен интеграциясы, инновация арқылы прогресске» атты үшінші семинар-конференциясына қатысуға шақырамыз.

Ары қарай оқу >>