Республикалық оқу-әдістемелік Кеңесінің кезекті мәжілісі өтеді

08.01.2016

Көрулер: 4591

2016 жылдың 14-15 қаңтарда ҚР 22 жоғары оқу орныларының проректорлары, шетелдік жоғары оқу орындарының өкілдері, ҚР Білім және ғылым министрлігі мен ҚР Денсаулық сақтау және Әлеуметтік даму министрлігінің өкілдері, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, "Kazenergy" мұнайгаз және энергетика кешені ұйымдары қазақстандық ассоциациясы және «Антиплагиат» компаниясының қатысуымен РОӘК ОӘБ (Республикалық оқу-әдістемелік Кеңесінің оқу-әдістемелік бірлестігінің) кезекті мәжілісі өтеді.

2016 жыл 14 қаңтар – РОӘК ОӘБ мәжілісі

Өткізілу уақыты: 14.00.- 17.00.

Өткізілу орны: әл-Фараби кітапханасы

РОӘК ОӘБ мәжілісін өткізудің

ТӘРТІБІ:

  1. Кәсіби стандарттар келешек ұрпақтардың білім беру стандарттары мен оқу бағдарламалары негізі ретінде;
  2. Жоғары оқу орындарындағы оқу басылымдарының сапасын көтерудегі заманауи мүмкіндіктер;
  3. ҚР БҒМ және РОӘК ОӘБ грифін алу үшін РОӘК ОӘБ қарастыруға түскен оқулықтар мен оқу құралдарының сараптама нәтижелері.

2016 жыл 15 қаңтар – Методический семинар на тему:

«ЖОО – Антиплагиат жүйесі: жоғары білім берудің сапасын көтерудегі заманауи мүмкіндіктер

Өткізілу уақыты: 9.30.- 12.30.

Өткізілу уақыты: Библиотека аль-Фараби

Спикер: Чехов Юрий Викторович – «Антиплагиат» компаниясының орындаушы директоры, ф.-м.ғ. к.

СЕМИНАР БАҒДАРЛАМАСЫ

(3 академиялық сағат)

  1. «Антиплагиат» жүйесі. Жүйені құру. Мүмкіндіктері мен сипаттамаларына шолу.
  2. Жоғары оқу орнында «Антиплагиат» керек па? Жоба тарихы. Қазіргі нәтижелер. Болашаққа жоспарлар. «Антиплагиат» жүйесі қалай орналасқан. Іздеудің алгоритмдері мен техникалық шешімдері.
  3. Антиплагиат жүйесін іздеу аясы. Мәліметтер қоры мен коллекциялар.
  4. Жүйені пайдаланудың үлгілері: есеппен қалай дұрыс жұмыс істеуге болады?
  5. «Антиплагиат ЖОО» жүйесінің заманауи нұсқасы. Басшылар, оқытушылар, студенттер үшін заманауи мүмкіндіктер.
  6. Пайдаланудың тиімділігін қалай көтеруге болады? «ЖОО сақинасы» жобасы.
  7. «Антиплагиат» жүйесін оқу, ғылыми және баспа үрдісінде қолданудың ерекшеліктері.
  8. «Антиплагиат» жүйесінің даму жоспары. Research.
  9. Сұрақтарға жауап беру.

РОӘК ОӘБ мәжілісінің қорытындысы бойынша мақалалар жинағы басылымға шығады деп жоспарлануда. Мақала мәтіні 3-5 беттен аспайтын Microsoft Word редакторының мәтінінде терілуі қажет. Қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі баяндамалар үшін Times New Roman шрифті, 12 - кегль қолданылады. Абзацтық шегініс - 1,25. Жоларалық қашықтық - 1, жан-жағынан қалдырылатын бос орын - 2 см. Мақалалар А4 қағаз форматында бір данадан 2016 жылдың 10 қаңтарына дейін факультеттің әдістемелік бюро төрағасына (төрайымына) тапсырылып электронды поштамен мына адреске жіберілуі керек: umskaznu@mail.ru

Мәжіліске міндетті түрде факультеттің әдістемелік бюро басшылары қатысуы тиіс.

ҚР БжҒМ-нің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі

білім берудің РОӘК оқу-әдістемелік бірлестігі

тел.: 377-33-14, ішкі.: 12-73, 11-52

Бөлме 11-06